Accessibility links

Ресейдің Ростов облысында дрон шабуылынан мұнай қоймасы өртенді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

13 шілде таңертең Ресейдің Ростов облысында дрон шабуылының салдарынан мұнай қоймасы өртенді. Бұл жөнінде аймақтың губернаторы Василий Голубев хабарлады.

Оның сөзінше, күрделілік жағынан үшінші дәрежедегі өрт шыққан. Оқиға орнында 49 өрт сөндіруші және 14 техника жұмыс істеп жатыр. Бірнеше сағатта 200 шаршы метр аумаққа өрт жайылып, өрт пойызы жұмылдырылған. Алдын ала мәліметке қарағанда, ешкім зардап шекпеген.

Don Mash телеграм арнасы өрттің видеосын жариялады.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ростов облысында түнде екі дрон жойылған, Белгород және Курск облыстарында әрқайсысында бір дрон атып түсірілген.

  • Ресей Украинаға басып кіргелі бері Ресейдің бірқатар аймақтары тұрақты түрде атқыланып, дрондар шабуылына ұшырап келеді. Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина шабуылының "жолын кескенін" хабарлап, Ресей аумақтарында ракета және дрондар атып түсірілгенін жариялап келе жатыр. Адам өлімі да тіркелген, ғимараттар бүлінген. Киев әдетте мұндай ақпараттарға түсініктеме бермейді.

XS
SM
MD
LG