Accessibility links

Астанада бір бөлмелі пәтерге 937 адам тұрақты тіркеуге тұрған. Пәтер иесі жауапқа тартылды


Астананың сол жағалауы.
Астананың сол жағалауы.

Астанада аумағы 35,7 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерге 937 адам тұрақты тіркеуге тұрған. Пәтер иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Астана прокуратурасының хабарлауынша, сот пәтер иесін "Қазақстан аумағында заңсыз келу, шығу, орын ауыстыру қызметтерін көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы (394-бап 1-бөлігі) бойынша кінәлі деп таныған. Оған қандай жаза берілгені айтылмайды.

394-баптың 1-бөлігі 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе екі жылға дейін бостандықты шектеу немесе бостандықтан айыру жазасын қарастырады.

23 мамырда Қазақстан бас прокуратурасы елдің алты өңірінде – Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Алматы қаласы мен облысында, Астанада прокурорлар "заңсыз көші-қон арналарын анықтағанын" хабарлаған. Ресми ақпаратқа қарағанда 22 мың шетел азаматы жалған мекенжайда және жоғарыдағы жайтқа ұқсас "созылмалы" пәтерлерде тіркелген.

Прокуратура мәліметінше, Алматы облысында осыған ұқсас 13 мың факт анықталған.

Жалпы алғанда жалған құжат жасау, шекараны заңсыз кесіп өту, сот шешімдерін орындамау және өзге де заңсыздықтарға қатысты 40-тан астам іс бойынша тергеу басталғанын хабарланды.

XS
SM
MD
LG