Accessibility links

Ресейдің Краснодар өлкесіне дрон шабуылы жасалып, мұнай қоймалары өртенді


6 шілдеге қараған түні Ресейдің Краснодар өлкесіне дрон шабуылы жасалып, екі мұнай қоймасы өртенді, ұялы телефон мұнарасы бүлінген. Бұл жөнінде өлкенің жедел штабы хабарлап, оқиғаға Украинаны кінәлады.

Жедел штабтың хабарлауынша, екі ауданда дрондар атып түсірілген. Оның қалдықтары Ейскідегі телефон мұнарасын бүлдірген, Павловск станциясындағы мұнай қоймасында жанармайы құйылған резервуар өртенген.

Ленинград станциясындағы мұнай қоймасында да "дрон шабуылының салдарынан" жанармай резервуары өртенген.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша ешкім зардап шекпеген.

Ресейдің қорғаныс министрлігі Краснодар өлкесінде дрондар жойылғаны туралы ақпарат таратпады. Ведомствоның хабарлауынша, сенбіге қараған түні Курск облысында – жеті, Белгород облысында бір дрон жойылған. Краснодар өлкесінің билігі де шабуыл туралы айтпады.

  • Ресей Украинаға басып кіргелі бері Ресейдің бірқатар аймақтары тұрақты түрде атқыланып, дрондар шабуылына ұшырап келеді. Ресейдің қорғаныс министрлігі Украина шабуылының "жолын кескенін" хабарлап, Ресей аумақтарында ракета және дрондар атып түсірілгенін жариялап келе жатыр. Адам өлімі да тіркелген, ғимараттар бүлінген. Киев әдетте мұндай ақпараттарға түсініктеме бермейді.
XS
SM
MD
LG