Accessibility links

Отанында өлім жазасы қаупі төніп тұрған ауған журналисі Хассани Ресейден Кабулға ұшып кетті


Ауған журналисі Кобра Хассани.
Ауған журналисі Кобра Хассани.

Ауған журналисі Кобра Хассани Ресейден Отанына ұшып кетті, өз елінде оған өлім жазасы қаупі төніп тұр. Хассанидің адвокаттарына сүйеніп "Фонтанка" сайты осылай деп хабарлады.

Олардың сөзінше, ауған диаспорасы Хассаниге қауіпсіз елге ұшуға көмектесуге тырысқан. Албаниядан бастап Германияға дейін бірнеше елді қарастырған, бірақ оған күш-жігер, уақыт, ақша керек болды. Ресей журналиске саяси баспана бермеді.

Хассанидің адвокаттарының бірі журналистің "Ресейде қалуға енді күш-жігері таусылғанын", қауіп-қатерге қарамастан Ауғанстанға оралудан басқа амалы болмағанын айтады.

Ауғанстанда журналиске өлім жазасы қаупі төніп тұр. Себебі ол 2021 жылы Ауғанстанда билікті басып алған "Талибан" қозғалысына ашық түрде қарсы шыққан. Кейін Хассани шетелге қашып кеткен.

2022 жылы мамырда журналист пен оның он екі отандасын Ресейден Германияға заңсыз өтпек болған кезде ұстаған. 2024 жылы ақпанда Санкт-Петербург соты оларды кінәлі деп танып, тергеу изоляторында отырған уақытын жаза ретінде есептеп, қамаудан босатқан. Келесі күні сот Хассаниді депортациялау оның құқығы мен бостандығын бұзады деп шешіп, журналисті Ресейден шығарып жіберу туралы шешімді жойған.

Кобра Хассани Ауғанстанда түріктің Anadolu Agency ақпарат агенттігімен және америкалық National Public Radio news радиосымен әріптес ретінде жұмыс істеген. Ол теледидарда, соның ішінде Afganistan Youth TV жастар арнасында жұмыс істеген. Хассани Кабулда кітап оқуға арналған "Сиқырлы мейрамханасын" ашқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG