Accessibility links

АҚШ Тайваньға 360 миллион доллардың қаруын сатуға дайын


Тайванның Қытайға ең жақын орналасқан аралдары. 24 мамыр, 2024 жыл.
Тайванның Қытайға ең жақын орналасқан аралдары. 24 мамыр, 2024 жыл.

АҚШ Тайваньға шамамен 360 миллион доллар тұратын дрон мен ракета сатуы мүмкін. Себебі мемлекеттік департамент бұл шешімді мақұлдаған.

"Бұл сатып алушының қауіпсіздігін арттыруға және аймақтағы саяси тұрақтылықты, әскери тепе-теңдікті және экономикалық прогресті қолдауға көмектеседі", – деді Пентагон құрылымына кіретін қорғаныс қауіпсіздігі саласындағы әріптестік агенттігі.

Ресми дипломатиялық қатынас жоқтығына қарамастан, АҚШ Тайваньға өзін өзі қорғау құралдарын беруге заң жүзінде міндеттеме алған. "Америка дауысы" сайтының Орыс қызметі АҚШ-тың рөлі үнемі Пекиннің наразылығын тудырады деп жазды.

Қытай Тайвань аралын өз территориясы санайды. Биыл мамырда Тайванның жаңа президенті Лай Циндэнің инаугурациясы өткеннен кейін Пекин Тайвань жағалауына жақын маңда жаттығу өткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG