Accessibility links

Израиль армиясының өкілі ХАМАС-ты "жоюға болмайды" деп мәлімдеді


Израиль әуе қорғанысы жүйесінің бөлігі.
Израиль әуе қорғанысы жүйесінің бөлігі.

Израиль армиясының бас өкілі сәрсенбі, 19 маусымда ХАМАС-ты жою мүмкін емес деп мәлімдеді. Оған бірден реакция танытқан ел үкіметі палестиналық топты жоюға дайын екенін растады.

Сегіз айдан астам уақыттан бері Израиль Газа секторында әскери операция жүргізіп жатыр. Ол былтыр 7 қазанда ХАМАС тобы Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасағаннан кейін басталған. AFP агенттігі бұл соғыс Газа секторынан исламшыл содырларды шығара алмады, бірақ орасан зор бүліншілік әкелді деп жазды.

"ХАМАС-ты жоқ қыламыз деу адамдардың көзіне құм шашқанмен тең. Егер біз оған балама ұсынбасақ, ақыр соңында бізде де ХАМАС болады", – деді контр-адмирал Даниэль Хагари Израильдің "13-арнасына".

"ХАМАС" – бұл идеология, біз идеологияны жоя алмаймыз", – деді Хагари.

Оның айтқанын бірден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әкімшілігі сынға алды. "ХАМАС-ты жеңгенге дейін Газадағы шабуыл тоқтамайды", — деді Нетаньяху әкімшілігі.

"Премьер-министр Нетаньяху жетекшілік ететін саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кабинетінің соғыста алдына қойған мақсаттарының бірі – ХАМАС-тың әскери және әкімшілік әлеуетін жою", – деді үкімет басшысының кеңсесі.

Израильдің ресми деректеріне сүйенген AFP агенттігінің мәліметінше, 7 қазандағы шабуылда Израильде 1194 адамды қаза тапқан, олардың басым бөлігі – бейбіт тұрғындар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG