Accessibility links

Израиль генералдары Ливанға шабуыл жоспарын бекітті


"Хезболла" мен Израиль әскерінің Кирьят-Шмона қаласындағы шекара маңындағы қақтығысы. June 14, 2024
"Хезболла" мен Израиль әскерінің Кирьят-Шмона қаласындағы шекара маңындағы қақтығысы. June 14, 2024

Израиль қорғаныс армиясы солтүстік әскери округінің қолбасшысы генерал Ори Гордин мен бас штабтағы жедел басқарма басшысы Одед Басюк сейсенбі, 19 маусымда әскери жағдайды бағалаған соң Израиль армиясының Ливан аумағына шабуыл жоспарын бекітті. Бұл туралы Times of Israel басылымы жазды.

Израиль қолбасшылығы әскерді дереу дайындыққа салу туралы шешім қабылдады.

Бұл ақпарат Израильдің солтүстік аймақтарына "Хезболла" радикал тобы мен оған одақтас палестиналық қарулы жасақтардың шабуылы жиілеген кезде пайда болды. Онда атыс-шабыс ұлғайып кете ме деген қауіп те күшейіп отыр.

Бұған дейін былтыр 7 қазанда ХАМАС тобы Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасағаннан кейін Израиль өз шекарасында "Хезболла" тобының оспадар қылығына бұдан ары шыдай алмайтынын ескерткен. Израиль билігі қарулы қақтығысты тоқтатуға дипломатия әсері сәтсіз болса, Израиль қорғаныс армиясы "Хезболла" тобын солтүстікке ығыстыру үшін әскери операция бастайды деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG