Accessibility links

Израильдің солтүстігінде дрон шабуылынан кемінде 11 адам зардап шекті


Ливан аумағынан Израильдің солтүстігіне жасалған шабуыл салдары. Архивтегі фото.
Ливан аумағынан Израильдің солтүстігіне жасалған шабуыл салдары. Архивтегі фото.

5 маусым кешке Израильдің солтүстігіндегі Хурфейш ауылына дрон шабуылдады. Израильдегі Маген Давид Адом жедел жәрдем қызметі кемінде 11 адам жараланғанын, бірінің жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.

Дрондарды Ливан аумағынан ұшырған. Белгісіз себептерге байланысты әуе дабылы қосылмаған, "Темір күмбез" деп аталатын әуе қорғаныс жүйесі де жұмыс істемеді.

Бірінші дрон футбол алаңына түскен, ол жерде адамдар, соның ішінде Израиль армиясының сарбаздары да болған. Екінші дрон шабуылы оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келген кезде жасалған. Салдарынан бірнеше дәрігер жеңіл жараланған.

Ливанда Иран қолдайтын исламшыл "Хезболла" радикал тобы әрекет жасайды. Оның өкілдері Al-Mayadeen ақпарат агенттігіне "жауымыз Израиль әскеріне тікелей шабуыл жасадық" деп айтқан.

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) ескерту жүйелері неге жұмыс істемей қалғанын анықтап жатыр.

  • "Хезболла" тобы Ливан мен Сирия аумақтарынан Израильдің солтүстігін үнемі атқылайды. 5 маусым кешке көптеген елді мекенде әуе дабылы естілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG