Accessibility links

Путин Солтүстік Кореяға сапарлап барды


Пхеньянның орталық алаңындағы Ресей президенті Владимир Путиннің суреті бар плакат. Солтүстік Корея, 18 маусым, 2024 жыл.
Пхеньянның орталық алаңындағы Ресей президенті Владимир Путиннің суреті бар плакат. Солтүстік Корея, 18 маусым, 2024 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға сапарлап барды. Оны Пхеньян әуежайында сол елдің басшысы Ким Чен Ын қарсы алған.

Солтүстік Корея – Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысына тікелей қолдау көрсететін және аннексияланған Қырымды мойындаған әлемдегі бірнеше елдің бірі. Путин бұған дейін Солтүстік Кореяға 2000 жылы барған, ол кезде елді Ким Чен Ынның әкесі Ким Чен Ир басқарып тұрған еді.

Сапар алдында жарияланған мақаласында Путин Солтүстік Кореяға Ресейді Украинаға қарсы соғыста қолдап отырғаны үшін алғыс айтқан. Солтүстік Корея Ресей армиясына артиллерия снаряды мен ракета жүйелерін жеткізеді, ал Мәскеу мұның қарымы ретінде Пхеньянға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тыйым салған ракета бағдарламасына көмектеседі деген ақпарат бар.

Бұған дейін Мәскеуді өзі дауыс беріп мақұлдаған Қауіпсіздік кеңесінің басқа да санкцияларын бұзды деп айыптаған.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров былтыр қыркүйекте Ресей мен Қытайдың Солтүстік Кореяға қарсы санкциялардан бас тарту ниеті барын айтқан-да. Оның сөзінше, олар "басқа геосаяси жағдай кезінде" қабылданған. Мәскеу ұстанымы басқа болса да, ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің талаптарын бұзбауға тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG