Accessibility links

Белсенді Айдар Сыздықов тергеу абақтысында аштық жариялаған


Абақтыдағы белсенді Сыздықов аштық жариялаған
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:11 0:00

Абақтыдағы белсенді Сыздықов аштық жариялаған

Биыл мамырда "есірткі сатты" деген күдікпен ұсталған белсенді Айдар Сыздықов Астанадағы тергеу абақтысында 14 маусымнан бері аштық жариялап жатыр. Бұл туралы оның әйелі Айгүл Тоқпаева хабарлады. Оның сөзінше, белсенді әйелін қоғамдық қорғаушы ретінде тағайындауға қарсы болған тергеушінің әрекетіне наразылық білдірген.

Сыздықовтың аштық жариялағанын Азаттыққа Астанадағы тергеу абақтысының қызметкері де растап, белсенді қазір су ғана ішіп жатқанын айтты. Ол Сыздықов "қылмыстық іске келіспейді" деді.

Айгүл Тоқпаеваның сөзінше, тергеуші оны қоғамдық қорғаушы ретінде тіркеу туралы арызын әуелде қабылдап, кейін "куәгер болуыңыз мүмкін" деген себеппен бас тартқан. Тергеуші Қалихан Қандашбеков Азаттыққа "заңға қайшы ештеңе істеген жоқпын, заң аясында жауап бердім" деді.

Айдар Сыздықов биыл 16 мамырда ұсталып, екі айға қамалған. Тергеу дерегінде Иванов есімді кісі одан 3,9 грамм есірткі сатып алғаны айтылған. Сыздықов оның сөзін жала дейді және істің саяси астары бар деп біледі. Сыздықовтың ісі аясында белсенді Асанәлі Сүйібаев та ұсталған. Ішкі істер министрінің орынбасары осы іске байланысты қойылған сұраққа азаматтарды "саяси белсенділігі үшін ұстамаймыз" деп жауап берген.

Екі белсенді «есірткі сатты» деп ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:04 0:00

Сыздықов бұған дейін бірнеше рет әкімшілік қамауда отырып шыққан.

2021 жылы маусымда Астанадағы №2 Cарыарқа аудандық соты Айдар Сыздықовты "экстремистік ұйымның жұмысын ұйымдастырды, қатысты" деп айыптап, үш жылға бостандығын шектеген. Сыздықов тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеп, өзін толық ақтауды талап еткен. Тергеу және сот кезінде қамауда болған Айдар Сыздықовты қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан.

2023 жылы "Ашық диалог" қоры Қазақстандағы адам құқығының ахуалы жөнінде әзірлеген есепте "қоғамдық қызметі мен азаматтық белсенділігіне бола қудаланған" бірнеше құқық қорғаушы арасында Айдар Сыздықовтың да аты-жөні аталған.

Ресми Астана елде саяси тұтқын жоқ, ешкім саяси ой-пікіріне бола қудаланбайды дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG