Accessibility links

Солтүстік Корея Ресейге 5 млн-нан артық артиллериялық снаряд берген


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Владивосток, Ресей, 25 сәуір, 2019 жыл.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин. Владивосток, Ресей, 25 сәуір, 2019 жыл.

Солтүстік Корея Ресейге 5 миллионнан астам артиллерия снарядын жіберген. Бұл жөнінде Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Шин Вон Сик Bloomberg журналистерімен сөйлескенде айтқан. Оңтүстік Кореяның қорғаныс мекемесі басшысының айтуынша, Сеул Солтүстік Кореядан Ресейге кемінде 10 мың жүк контейнері жөнелтілгенін тіркеген. Оларда артиллериялық снарядтар мен баллистикалық ракеталар болуы мүмкін. Шин Вон Сук Мәскеу Пхеньянның осы көмегіне қарымта ретінде оған тыңшы спутниктерді қолдану технологиясын, сонымен бірге танкілер мен ұшақтар беруі дейді Шин Вон Сук.

"Путин Солтүстік Кореямен қауіпсіздік саласында, әсіресе жеңіске жетуге қажет артиллериялық снарядтар сияқты әскери жабдықпен қамтамасыз ету саласындағы мүмкіндікті пайдалану үшін тығыз ынтымақтастыққа ұмтылары анық", – деген Оңтүстік Кореяның қорғаныс басқармасы басшысының сөзін келтірген Bloomberg.

Оның алдында "Ведомости" басылымы дипломатиялық дереккөзге сүйеніп, Путин алдағы апталарда Солтүстік Корея мен Вьетнамға сапар шегеді деп хабарлаған еді.

  • Ақпан айында америкалық зерттеушілер аймақтағы порттар мен теміржол станцияларының спутниктен түсірілген жүздеген суретін талдап шығып, 2023 жылдың тамызынан бері Солтүстік Корея Ресейге 2,5 млн-нан астам оқ-дәрілер берген болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Украина бас прокуратурасы Ресей әскері Украина аумағын атқылауға Солтүстік Кореяның ракеталарын пайдаланғанын тіркеген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше жеті мемлекет Ресейді Пхеньянмен әскери-техникалық әріптестікке салынған эмбаргоны бұзды деп айыптаған.
  • Солтүстік Корея ядролық қару әзірлеу және оны сынауға байланысты бірқатар халықаралық санкцияға ілінген. Оны Батыс елдері ғана емес, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де салған. Олардың ішінде қару-жарақ саудасына да тыйым бар. Ресей БҰҰ мүшесі ретінде санкцияларды орындауға міндетті.
  • Ақпанда The New York Times газеті Ресей өзі алған оқ-дәрінің қарымы ретінде Солтүстік Кореяға халықаралық қаржы жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат беріп, БҰҰ санкциясына ілінген Солтүстік Кореяның бірқатар активін бұғаттан босатты деп жазған.
  • Наурызда Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензя Солтүстік Кореяға қарсы санкция режимі "шындықтан алшақ" деп мәлімдеді. Мәскеу ұстанымы басқа болса да, ол БҰҰ қарарларын бұзбауға тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG