Accessibility links

Ереванда оппозиция митингісіне шыққан ондаған адам ұсталды


Оппозиция митингісіне шыққан адамдар мен полиция қақтығысы. Ереван, 12 маусым, 2024 жыл.
Оппозиция митингісіне шыққан адамдар мен полиция қақтығысы. Ереван, 12 маусым, 2024 жыл.

Ереван орталығында оппозиция митингісі жалғасып жатыр. Сәрсенбі, 12 маусымда полиция кемінде 90 адамды ұстады. BBC мәліметінше, қаладағы парламент ғимараты алдындағы алаңға бірнеше мың адам жиналған. Полицейлер наразыларға қарсы шулы жарқылдақ граната қолданған. Армения денсаулық сақтау министрлігі кемі 55 адам зардап шекті деп хабарлады.

Армениядағы наразылық бірнеше аптадан бері жалғасып жатыр. Наразылар премьер-министр Никол Пашинян мен оның үкіметі қызметін доғарсын деп талап қойған. Олардың басым бөлігі – "Отан үшін Тавуш" қозғалысын жақтайтындар. Бұған дейін олар Армения премьер-министрі лауазымына қозғалыс лидері, архиепископ Баграт Галстанянды ұсынған.

12 маусым кешке үкімет отырысы өтіп жатқан кезде, орталық алаңға митингіге шыққандар парламент ғимараты маңындағы қоршауларды ала бастап, ішке кіруге талпынды. Кейін полиция оларды күштеп тарата бастады.

Армениядағы наразылыққа Әзербайжанмен арадағы шекара келісімі түрткі болды, Ереван шекарадағы бірнеше ауылды Бакудің бақылауына беруге келіскен. Тараптар делимитация туралы құжаттарға сәуірдің аяғында қол қойды. Келісім Тавуш аймағындағы төрт ауылдан басталуы керек еді. Олар екі ел армиясы позициялары арасындағы бейтарап аймақта орналасқан.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің позициясы наразыларды ашуландырды, олар Әзербайжан қысымынан Ереван жаңа соғыс бастала ма деп қорқып, мұндай іске біржақты түрде барды деп есептейді.

Армения тергеу комитеті ұсталған адамдардың үстінен "Жаппай тәртіпсіздік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG