Accessibility links

Венгрия НАТО-ның Киевке көмегіне қарсы болмайды, бірақ өзі көмектеспейді


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.

НАТО-ның Украинаға көмек көрсетуге қабылдаған шешімдерін жүзеге асыруға Венгрия қатыспаса, Будапешт оларға енді қарсы болмайды. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Будапештке сапарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді.

Столтенберг мұны растады. Венгрия бұдан былай Украинаға қару-жарақ жеткізуге қаржы бермейді немесе өз әскери өкілдерін Украинадағы жауынгерлерді оқытуға жібермейді. Орбан Венгрия Солтүстік Атлантика альянсы елдерінен тыс НАТО мүшелерінің кез келген миссиясына қатыспайды деді. НАТО жауынгерлерін Украинаға жіберер болса, Будапештен оған бармайды.

Столтенберг Будапештке Вашингтондағы НАТО саммиті қарсаңында барды. Саммитте одақ елдері Украинаны қолдау мақсатында бір жылға 40 млрд еуро бөлуге келіседі деп отыр. Бұдан бөлек, саммитте Киевті қару-жарақ пен әскерилерді дайындау жағынан қолдаудың жаңа үлгісін қарайды дейді.

Будапешт бұл шешімдерге өзі қатыспайтын болса, оған қарсы болмауға уәде берген. Столтенбергтің айтуынша, ол "бұл ұстанымды қабылдаған". Оның сөзінше, Орбан Венгрия НАТО-ның адал мүшесі болып қала береді және одақтастар алдындағы міндеттерін орындайды деген.

Венгрия билігінің Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы ЕО мен НАТО елдерінің басым бөлігінен басқаша. Будапешт көбіне Киевті оған қолайсыз бейбітшілік туралы келіссөз жүргізуге шақырады. Венгрия Украинаға қару бермей, ел билігін жиі сынайды. Будапешт әдетте ЕО мен НАТО шешімдеріне қарсы бола бермейді.

Украина тағы да көмектен қағылды, бірақ Еуроодаққа жақындады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG