Accessibility links

Куба билігі Гаванаға Ресей кемелері келетінін хабарлады


"Адмирал Горшков" фрегатынан дыбыстан ұшқыр "Циркон" зымыранын ұшырған сәт. Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі таратқан сурет.
"Адмирал Горшков" фрегатынан дыбыстан ұшқыр "Циркон" зымыранын ұшырған сәт. Ресей қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі таратқан сурет.

6 маусымда Куба билігі Гаванаға келесі аптада ресейлік төрт кеме, оның ішінде "Казань" атом сүңгуір қайығы мен "Адмирал Горшков" ракета фрегаты келетінін хабарлады. Reuters мәліметінше, Ресей әскери-теңіз күштері кемелерінде ядролық қару жоқ екенін және олар аймаққа қауіп төндірмейтінін айтқан.

"Бұл сапар Куба мен Ресей арасындағы тарихи достық қарым-қатынасқа және халықаралық ережелерге сәйкес келеді" деп жазды Куба сыртқы істер министрлігі 6 маусымда жариялаған мәлімдемесінде.

Осы хабардан бұрын АҚШ әкімшілігіндегі дереккөз Ресей әскери-теңіз жаттығуларын өткізу үшін Кариб теңізі аймағына, соның ішінде Венесуэла мен Кубадағы одақтастарына әскери кемелер жіберуді жоспарлап отырғанын айтқан.

2022 жылы ақпанда Ресей армиясы Украинаға қарсы соғыс бастағаннан кейін Вашингтон пен Мәскеу қарым-қатынасы күрт шиеленісніп кетті. АҚШ Украинаға қолдау көрсеткен соң Ресей әскери флоты тіпті Атлантикада да белсенді бола бастады дейді Вашингтон.

АҚШ Гаванаға келгелі отырған ресейлік аздаған ұшақ пен кемені қауіп деп санамайтынын айтты, бірақ Америка әскери-теңіз күштері жаттығуларды бақыламақ.

Куба басшылығының мәліметінше, Ресей кемелері Гаванаға 12-17 маусым аралығында бармақшы.

  • Өткен ғасырдағы қырғи-қабақ соғыс кезінде Совет одағы АҚШ жағалауына жақын жерде – Кубаға атом қаруы бар зымырандарды орналастыруы 1962 жылы "Кариб дағдарысына" алып келді. Сарапшылар сол дағдарыс кезінде әлемде дүниежүзілік ядролық соғыс басталуға шақ қалған еді деп сипаттайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG