Accessibility links

Ресей әскері Харьковке бірнеше рет соққы жасады, қаза болғандар мен жараланғандар бар


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей әскері Харьковке шамамен он соққы жасады. Бұл жөнінде Харьков облыстық әскери әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубов хабарлады.

Алдын ала ақпарат бойынша, бес адам зардап шеккен. Олег Синегубовтың айтуынша, азаматтық инфрақұрылым нысандарына соққы жасалған.

Қала мэрі Игорь Тереховтің сөзінше, жеке кәсіпорын да қираған. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам опат болған, алты адам жараланған. Ірі өрттің салдарынан үш адамның қайда екені белгісіз.

Харьков мэрі Игорь Терехов қала үшін маңызды саналатын коммуналды кәсіпорын мен көлік инфрақұрылымына да соққы жасалғаны жөнінде расталған ақпарат бар екенін жеткізді.

Оның айтуынша, Ресей әскері Богодуховск ауданында Золочев ауылын да атқылаған. Кемінде екі адам зардап шеккен.

Ресей әскері Харьков облысының солтүстік-шығысына шабуыл жасап жатқан шақта күн сайын облыстағы елді мекендерге әуеден осылайша соққы жасалып жатыр. 22 мамырда Ресей Харьковке әуеден шабуылдап, 12 адам зардап шеккен, бесеуі ауруханаға түскен. Осы соққының салдарынан троллейбус астына түсіп кеткен жүргізуші екі аяғынан айырылған.

XS
SM
MD
LG