Accessibility links

Қырғызстан "шекарадан заңсыз өтпек болған" Пәкістанның алты азаматын ұстады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) қырғыз-қазақ шекарасын "заңсыз кесіп өтпек болды" деген Пәкістанның алты азаматын ұстағанын хабарлады.

Арнайы қызметтің ақпараты бойынша, шетел азаматтары 20 мамыр сағат 3.30-да ұсталған. ҰҚМК олардың үстінен "Қылмысқа оқталу" және "Қырғызстан мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандар Бішкектегі ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ресми ақпаратта Қырғызстан ҰҚМК мен құқық қорғау органдары биыл сәуірден бастап көші-қон ережесін бұзғандар бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты. Сәуірдің ортасында арнайы қызмет Қырғызстанның көші-қон ережесін бұзған 60-тан астам Пәкістан мен Бангладеш азаматын анықтадық деп хабарлаған.

Мамырдың ортасында ішкі істер министрлігі рейд жүргізіп, кейін жеткізу қызметінде істеп жүрген 400-ден астам шетел студенті заң бұзғанына байланысты жұмысын тоқтатқан.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі шетел азаматтарына елдегі көші-қон ережесін бұзғаны үшін салатын айыппұлдарды көбейтуді ұсынды. Ұсынылып отырған айыппұл мөлшері әртүрлі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG