Accessibility links

Астанада биік тұрғын үй кешені өртеніп жатыр


Астана, 22 маусым, 2024 жыл.
Астана, 22 маусым, 2024 жыл.

Астанадағы "Хан Шатыр" сауда әрі ойын-сауық орталығы маңында, Тұран даңғылы, 37/9-үйде өрт болып жатыр. Бұл ғимаратта пәтерлер мен әкімшілік мекемелер орын тепкен.

26 қабатты ғимараттағы өртті сөндіру үшін арнайы штаб құрылды, өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметі бойынша, ғимараттағы адамдарды эвакуациялау жүріп жатыр. Сегіз адам, соның ішінде бір бала эвакуацияланған. "Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ" деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдай министрлігі (ТЖМ).

Нақтыланған мәлімет бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Өрт сөндіруге 16 арнайы техника мен 72 адам қатысып жатыр деп хабарлайды ТЖМ. Ресми дерек бойынша, өрт ғимараттың 26-қабатынан шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG