Accessibility links

Бішкек милициясы хостелге басып кірді деген күдіктілерді ұстады


Бішкекте болған жаппай тәртіпсіздік. 18 мамыр, 2024 жыл.
Бішкекте болған жаппай тәртіпсіздік. 18 мамыр, 2024 жыл.

Бішкек милициясы 13 мамырда Огонбаев көшесіндегі хостелге шабуыл жасады деген күдікпен үш адамды ұстағанын хабарлады.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, милиция 2005 және 2006 жылғы күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамаған. Олар "Қарақшылық" бабы бойынша айыпталып отыр.

Милиция ақпаратына сәйкес, 2024 жылы 13 мамырға қараған түні сағат 02.00-де бір топ жігіт Бішкектегі "Восток-5" шағын ауданында шетел студенттерін кездестіріп қалып, олардан темекі сұраған. Күш көрсету басталғанда шетел студенттері өздері тұратын А.Огонбаев көшесіндегі жатақханаға қашқан.

"Шетел студенттерін қуған бір топ жігіт А.Огонбаев көшесіндегі жатақханаға кіріп, онда тұратын шетел азаматтарына күш қолданып, ақшасы мен заттарын тартып алған. Жатақханада тұратын шетел азаматтары жиналып, шабуыл жасағандарды шығарып жіберуге тырысқан, олардың арасында төбелес болған. Олар жатақхана ауласында төбелескен, шабуыл жасағандардың біреуі қалып қойып, қалғандары қашып кеткен" деп жазылған милиция хабарламасында.

Бұған дейін 13 мамырдағы төбелеске қатысқан Египеттің төрт азаматы ұсталды. Олар "Бұзақылық жасады" деп айыпталып отыр, сот оларды үйқамаққа жіберген.

13 мамырда хостелде болған төбелес видеосы 17 мамырда желіге тарап, сол түні Бішкекте тәртіпсіздік басталған. Оған қатысқандар шетел студенттері тұратын жатақханалардың біріне шабуыл жасаған.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғадан соң 41 адам дәрігерге қаралды деп хабарлады. 20 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен 11 адам үйден ем алып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG