Accessibility links

Тоқаев Қытай және Ресей СІМ басшыларымен кездесті


Ақорда.
Ақорда.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 мамырда Астанаға ресми сапармен келген Қытай сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады. Тоқаев кездесуде Астана Пекиннің сенімді серіктесі болып қала береді деп мәлімдеді.

Ақорданың ақпараты бойынша, Тоқаев "Қытай дипломатиясы әлем саясатында аса маңызды рөл атқарады, Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар мен ынтымақтастықтың болашағы зор" деген.

"Синьхуа" агенттігі Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И Тоқаевпен кездесуде Пекин Астананың "тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға" қолдау көрсетуді жалғастыратынын және "елдің ішкі істеріне араласуға тырысатын кез келген сыртқы күштерге" үзілді-кесілді қарсы тұратынын айтты деп хабарлады.

Бұған дейін Қытай сыртқы істер министрлігі Ван Идің Тәжікстан мен Қазақстанға (18-21 мамыр) баратынын, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысатынын айтқан.

20 мамырда Тоқаев осы кездесуге қатысуға Астанаға келген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты да қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Ресеймен бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткен келісімдерді толыққанды жүзеге асырудың маңызы зор екенін мәлімдеген.

Тоқаев 18 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесті, Ақорданың жазуынша, олар "Астана мен Мәскеу арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті" екенін айтқан.

21 мамырда Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кездеседі. Шараға ұйымға мүше мемлекеттердің СІМ басшылары қатысады. Ресми ақпаратқа сәйкес, кездесуде делегация басшылары ШЫҰ аясындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы халықаралық және өңірлік ахуал, қауіпсіздік және ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG