Accessibility links

Тайваньда жер сілкінісінен 900-ден астам адам зардап шекті


Хуалян қаласында жер сілкінгенде қисайып қалған үйлердің бірі. Тайвань, 3 сәуір, 2024 жыл.
Хуалян қаласында жер сілкінгенде қисайып қалған үйлердің бірі. Тайвань, 3 сәуір, 2024 жыл.

Тайваньда жер сілкінгеннен кейін құтқарушылар үйінді астынан ондаған адамды алып шықты. Кемінде 9 адам қайтыс болған.

Reuters агенттігі шағын автобустарға мініп, саябаққа қарай бара жатқан 50 жұмысшы хабар-ошарсыз кетті деп хабарлады.

АҚШ геология қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі Тайваньның бүкіл аумағында сезілген, алдағы күндері 7 магнитудалы жаңа дүмпу болуы мүмкін деген болжам айтылды.

Жер сілкінісінен 300 мыңға жуық халқы бар Хуалянь ауданы қатты зардап шекті, оның 100 мыңға жуығы Хуалянь қаласында тұрады.

Тайвань өрт сөндіру қызметі Хуалянь ауданындағы екі шахтада 71 кенші жер астында қалып қойғанын хабарлады.

Тайваньның төтенше жағдайлар жөніндегі орталық штабы 90 мыңнан астам үй электр қуатынсыз қалды деп мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа қарағанда, Тайвань астанасы Тайпейде ауруханалар зақымданғанына қарамастан әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.

АҚШ әкімшілігі Тайваньдағы жерасты дүмпуіне байланысты жағдайды бақылап отыр. 3 сәуірде Вашингтонда ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі АҚШ жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын деп мәлімдеді. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады.

3 сәуірде Тайвань аралының шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл — Тайваньда кейінгі 25 жылдағы ең қатты зілзала.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG