Accessibility links

Tagesschau: неміс компаниялары Мариупольдегі құрылысқа көмектесіп жатыр


Украинаның Мариуполь қаласы.
Украинаның Мариуполь қаласы.

Украинаның Ресей басып алған Мариуполь қаласындағы құрылысқа неміс компаниялары да қатысып жатыр. Бұл туралы Tagesschau (ARD телеарнасының жаңалықтар бағдарламасы) зерттеуінде айтылды.

Зерттеуде екі жыл бұрын Ресей әскері бірнеше ай бойы қоршауға алып, кейін басып алған Мариуполь қаласын қайта құру Кремль үшін маңызды саналатыны айтылды. "Бірақ оған бұл жобаны іске асыруға кім көмектеседі? Жылдық есептерде, компания сайтында, суреттер мен видеоларда — барлық жерде Мариупольді қайта құруда неміс компаниялары маңызды рөл атқаратынына дәлелдер мен айғақтар бар" дейді Tagesschau.

Оның біріншісі — Knauf корпорациясы. Оның еншілес компаниясы Ресейде жұмысын жалғастырып жатыр. Корпорация тек Ресей нарығында жұмыс істеймыз деп айтады, бірақ зерттеуде Мариупольдегі құрылыс алаңында, соның ішінде Ресей қорғаныс министрлігі тапсырысымен жүріп жатқан жерлерде Knauf-тың құрылыс материалдары пайдаланылып жатқаны айтылады.

Тағы бір компания — WKB Systems, Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Мюнстерландтен. Ол бетон жасауға арналған жабдықтар шығарады. Ол жабдықтар Мариупольдегі құрылыста пайдаланылады деді зерттеу авторлар.

Олардың мәліметінше, компанияның негізгі акционері — ресейлік кәсіпкер Виктор Бударин. Компания өз өнімдерін Будариннің ресейлік компаниясына жеткізеді. Ақпаратқа қарағанда, оған да, компаниясына да санкция салынбаған.

Мариупольдегі шабуылдан нақты қанша адам қаза тапқаны анықталған жоқ. Қаланы қоршауға алған кездегі және одан кейін пайда болған қорымдарға қарағанда, олардың саны 10 мыңнан асуы мүмкін.

Шабуылдардан Мариуполь қаласы қатты қираған, үйлердің жартысынан көбі бүлінді. Кремльшіл БАҚ қаладағы құрылыс жұмыстары барысы жөнінде белсенді түрде хабар таратып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG