Accessibility links

Қырғыз үкіметі уран және торий өндіруге тыйымды алып тастауды ұсынды


Уран.
Уран.

Қырғызстан үкіметі елде уран және торий кеніштерін барлау мен өндіруге рұқсат сұрады. Ол үшін өндіріске тыйым салатын заң күшін жоғалтуға тиіс. Заң жобасы 26 ақпанда халық талқылауына ұсынылды.

Сонымен бірге үкімет уран мен торий өндірісінің экология мен адам денсаулығына тигізетін зиянын азайтуды көздейтін бірқатар шараны қолға алатынын мәлімдеді.

Мұның алдында Қырғызстанда уран мен торий өндірісіне тыйым салатын заңның күші жойылуы мүмкін екенін президент Садыр Жапаров мәлімдеген. Ол 19 ақпанда Ыстықкөл облысы тұрғындарымен кездесіп, халықтан Қызыл-Омпол уран кенішін өндіруге рұқсат сұраған.

Президент әкімшілігінің мәліметінше, Қызыл-Омпол кенішінде 14 млн 757 мың тонна кен бар. Оның 95 пайызы титанды магнетит, 3 пайызы фосфор, 2 пайызы цирконий, 0,22 пайызы торий және 0,17 пайызы уран.

Қызыл-Омполдағы уран өндірісін қайта жандандыру мәселесі 2019 жылы да қозғалған. Алайда Бішкек пен Ыстықкөл облысындағы наразылық акцияларынан кейін билік одан бас тартқан.

2019 жылы Қырғызстан аумағында уран және торий кендерін геологиялық зерттеуге, барлауға және жұмыс істетуге тыйым салу жөнінде үкімет қаулысы қабылданған. Сол кезде мұндай құжат "азаматтардың денсаулығын қорғауға, олардың лайықты өмір сүріп, жұмыс істеуіне және демалуына деген құқығын сақтауға әрі экологиялық апаттан сақтану үшін" қажет екені айтылған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG