Accessibility links

Украина барлау қызметі: Ресей әскері Запорожье АЭС-іне жарылғыш техника жеткізген


Украина барлау қызметінің бастығы Кирилл Буданов
Украина барлау қызметінің бастығы Кирилл Буданов

Украина барлау қызметінің бастығы Кирилл Буданов The New Statesman басылымына берген сұқбатында "Ресей Запорожье атом электр станциясына теракт жасауға арналған дайындығын аяқтады" деген.

Буданов "Ресей әскері станцияның салқындатқыш бассейнін миналағанын" ескерткен.

Оның сөзінше, салқындатылмаған ядролық реакторлар "он сағаттан 14 күнге дейінгі аралықта еріп кетуі мүмкін." Буданов Ресей "станцияға дейінгі электр желілеріндегі қуатты күшейтсе ядролық апат болады" деп санайды.

Украина әскери барлауы "Ресей әскері алты энергоблоктың төртеуіне жарылғыш техника жеткізгенін" анықтаған. 15 маусымда Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) барғанда бұл блоктарға кіргізілді ме, жоқ па, белгісіз.

Буданов Ресей Запорожье АЭС-ін жару жөнінде жоспарын "жасап және бекітіп қойғанына" сенімді екенін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский 22 маусымда Ресей Еуропадағы аса ірі атом электр станциясы - Запорожье АЭС-іне теракт жасау сценарийін қарастырып отырғанын және бұл туралы Киев серіктестеріне мәлімет бергенін баяндаған. Кремль мұны теріске шығарып, "кезекті өтірік" деген.

Ресей әскері Энергодар қаласы мен оған жақын маңдағы Запорожье АЭС-ін 2022 жылы ақпанда басып алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG