Accessibility links

Бурылда толқудан соң полиция бақылауы күшейтілді

Бурыл ауылындағы тұрғындар мен полиция жасағы. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. 17 ақпан, 2016 жыл.
Бурыл ауылындағы тұрғындар мен полиция жасағы. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. 17 ақпан, 2016 жыл.

Жамбыл облысындағы Бурыл ауылында бала өлтіру оқиғасы тұрғындар наразылығына ұласты. Көшеге шыққан бірнеше адамды полиция ұстаған. Қазір ауыл полиция жасағының бақылауында тұр.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында ақпанның 17-і кешке жүздеген адам тағы да орталық көшеге жиналып, осы ауылда сейсенбінің кешінде «бұзақылық жасаған» деген уәжбен ұсталған бірнеше адамды босатуды талап еткен. Куәгерлердің айтуынша, кеше ол адамдарды полиция ауылдағы кейбір тұрғындардың үйіне тас лақтырғаны үшін ұстаған.

Бурылда не болып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:28 0:00
Жүктеп алу

Бүгін полиция кеше ұсталғандарды босатуды талап еткен наразылардың тағы бірнешеуін ұстады деп хабарлады оқиға орнынан Азаттық тілшісі. Қазір ауылды полицияның арнайы жедел қимыл тобы (СОБР) бақылап тұр. Ауылға кіріп-шығатын жолға полиция күзеті қойылып, тәртіп күшейтілген. Сәрсенбі күні Бурыл ауылында Азаттық тілшісіне өздерін «ресми орыннанбыз» деп қана таныстырған үш адам журналистің қолынан планшетін тартып алды.

Тұрғындар наразылығына осыдан екі күн бұрын Бурылда алты жастағы баланы өлтіру қылмысы түрткі болған.

Бурыл ауылында көшеге жиналған адамдар. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. 17 ақпан, 2016 жыл.
Бурыл ауылында көшеге жиналған адамдар. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы. 17 ақпан, 2016 жыл.

Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) сәрсенбі күні таратқан хабарламада 15 ақпанда Бурылдағы бір үйден кәмелетке толмаған жеткіншектің жансыз денесі табылғаны, баланы әлдекімнің күш қолданып өлтіргені анықталғаны айтылған. Полиция осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, 16 ақпанда 18 жастағы Д.К. есімді азаматты қылмысқа күдікті ретінде қамауға алған.

«Халық алаңдаушылығына байланысты жергілікті билік және құқық қорғау органдары жиын өткізіп, тұрғындарды тергеудің алдын ала нәтижелерімен таныстырды. Ауылды жердегі жағдай тұрақты. Тергеу арнайы бақылауға алынды» деп хабарлады облыстық ІІД.

Бурыл тұрғындарының айтуынша, 17 ақпан күні күндіз ауыл орталығына жүздеген адам шығып, күдіктінің отбасының қаза тапқан жеткіншектің үй-ішінен кешірім сұрауын талап еткен. Сонымен бірге наразылардың кейбірі жергілікті билік орындарына күдіктінің отбасын ауылдан басқа жаққа көшіру туралы талап айтқан.

Бурылдағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

Азаттық тілшісіне өз есімін атамауды сұраған Бурыл тұрғынының айтуынша, ауылға сейсенбіден бастап полицияның арнайы жасағы (СОБР) апарылған. Олар сол күні кешкісін ауылдағы орталық көшеде жиналмақ болған жұртты таратып жіберген. Тұрғын қаза болған баланың Бурылға осыдан біраз уақыт бұрын Талас ауданынан көшіп келген әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан екенін айтады. Бұл қылмысқа кінәлінің жазадан құтылып кетпеуін талап еткен халық сәрсенбі күні ауыл көшесіне қайта шыққан.

– Күдікті жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін деген сыбыс тараған соң халық көтерілді. Бірақ, полиция ауылда ешқандай төтенше оқиғаға жол бермеуге тырысып жатыр. Ауылда тұрғындардан мылтықпен, итпен жүрген СОБР өкілдері көп қазір, - деді Бурыл тұрғыны.

Оның айтуынша, Бурылға сәрсенбі күні облыстық және аудандық әкімдіктерден билік өкілдері барып, ашулы халықты тыныштандыруға тырысқан.

– Облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімінің орынбасарлары болды ауылда. Олар «тыныштық болсын, сабыр сақтаңыздар» дейді, басқа не деуші еді?! Ауылға Жамбыл облысында түрік диаспорасын басқарған кісі де келді. Сосын екі-үш ауыл ақсақалы болды. Олар да ауыл халқын ашумен артық қимылға бармауға шақырды, - дейді ол.

Бурылдағы наразылық туралы фотогалерея:

Бурылдағы наразылық

Қалқанмен тұрған полиция арнайы жасағы мен ауыл тұрғындары.
1/18 Қалқанмен тұрған полиция арнайы жасағы мен ауыл тұрғындары.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Бурыл тұрғындарының жиналып жатқан сәті.
2/18 Бурыл тұрғындарының жиналып жатқан сәті.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Жиналушылар қарасы күнімен тыйылған жоқ.
3/18 Жиналушылар қарасы күнімен тыйылған жоқ.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Бурыл ауылында көшеге жиналған тұрғындар мен оларға қарсы шеп түзеп тұрған полиция күші.
4/18 Бурыл ауылында көшеге жиналған тұрғындар мен оларға қарсы шеп түзеп тұрған полиция күші.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Жағдайды бақылап тұрған полицейлер.
5/18 Жағдайды бақылап тұрған полицейлер.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Бурыл ауылында жүрген полиция қызметкерлері.
6/18 Бурыл ауылында жүрген полиция қызметкерлері.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Жиын маңындағы жедел жәрдем көлігі.
7/18 Жиын маңындағы жедел жәрдем көлігі.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Ауыл көшесіне жиналған тұрғындармен сөйлесіп тұрған полиция шенеунігі.
8/18 Ауыл көшесіне жиналған тұрғындармен сөйлесіп тұрған полиция шенеунігі.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Көшеде тұрған полиция арнайы жасағы.
9/18 Көшеде тұрған полиция арнайы жасағы.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Көшеде жағдайды бақылап тұрған полиция арнайы жасағы.
10/18 Көшеде жағдайды бақылап тұрған полиция арнайы жасағы.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Полиция жасағы ұстаған адамды әкетіп барады.
11/18 Полиция жасағы ұстаған адамды әкетіп барады.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Полиция ұсталған жігіттерді әкетіп барады.
12/18 Полиция ұсталған жігіттерді әкетіп барады.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Көшеде адамдарды қабырғаға теріс қаратып ұстап тұрған полиция жасағы.
13/18 Көшеде адамдарды қабырғаға теріс қаратып ұстап тұрған полиция жасағы.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Көшеде ұсталған адамды тексеріп тұрған полиция өкілі.
14/18 Көшеде ұсталған адамды тексеріп тұрған полиция өкілі.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Жиын маңындағы әскери көлік.
15/18 Жиын маңындағы әскери көлік.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Полиция күштерінің 17 ақпан күні кешке қарай шеп құрып тұрған сәті.
16/18 Полиция күштерінің 17 ақпан күні кешке қарай шеп құрып тұрған сәті.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Жиын маңындағы өрт сөндіру техникасы 
17/18 Жиын маңындағы өрт сөндіру техникасы 
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Ауылдағы қоғамдық орындар жабық тұр.
18/18 Ауылдағы қоғамдық орындар жабық тұр.
Бүгін Бурыл ауылының халқы жиналып "бала өлімі" оқиғасына қатысты өз талаптарын білдірді.
Previous slide
Next slide

Бурылдағы бала қазасына байланысты наразылық оқиғасынан соң тұрғындар мен билік орындары өкілдерінен арнайы комиссия құрылып, оған түрік диаспора өкілдерінен де бірнеше адам кірген.

Сәрсенбі күні Бурыл ауылына қаза болған баланың отбасына көңіл айтып барған Жамбыл облыстық түрік диаспорасының өкілі Дуниядар Абдуллаев халық наразылығына түрткі болған қылмыстық оқиға туралы өз болжамымен Азаттықпен бөлісті.

– Бұл – тұрмыстық сипаттағы қылмыс. Үйге ұрлыққа түскен адам өзін көріп қойған баланы өлтірген. Міне, ең күрделі тұсы – осы. Біз бұл қылмысқа кінәліге ең ауыр жаза беру керек деп айттық, - деді ол.

Ресми ақпарат бойынша, Тараз қаласынан бірнеше шақырым ғана жердегі Бурыл ауылындағы тоғыз мыңға жуық тұрғын халықтың шамамен 30 пайызын этникалық түріктер құрайды.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Айдар
XS
SM
MD
LG