Ресейдің күші мен қаруының басымдығына қарамастан, Украина әскері Бахмут қаласы үшін шайқасты жалғастырып жатыр.
Ақтөбе облысында күн күрт жылынып, қар еріп, өзен тасыған соң, жолды су шайып, көп ауыл көлік қатынасынсыз қалды. Ойыл, Байғанин, Темір, Қобда, Шалқар аудандарында кейбір үйлерді су алған.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
2022 жылы 24 ақпанда басталған Ресей басқыншылығының кесірінен Украинаның біраз қаласы қирап қалды.
6 ақпанда Түркия мен Сирияда болған 7,8 балл жер сілкінісінен кейінгі құтқару және үйінді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Түркияға 90-ға жуық елден құтқарушылар барған. Ал Сирияға көмек жеткізу қиын болып тұр. 16 ақпандағы дерек бойынша, екі елде зілзаладан қаза тапқандар 42 мың адамға жуықтады.
Maxar Technology компаниясы ұсынған спутник суреттерінен Түркиядағы жер сілкінісінің зардабын көруге болады.
Қазақстаннан Украинаға киіз үйлер, сандықтар, генераторлар мен басқа да заттар жөнелтіліп жатыр. Ресей шапқыншылығына ұшыраған елге көмекті еріктілер ұйымдастырды.
Алматыда 100-ден астам адам 8 наурызда әйелдер шеруіне рұқсат беруді талап етті. Олар бейбіт жиын өткізу құқығын таптамау қажеттігін айтты.
"Талибан" 2021 жылы тамызда Ауғанстандағы билікті қолға алған соң әйелдердің білім алуына, спортпен айналысуына тыйым салған. Қуғын-сүргіннен қорыққан бұл спортшы әйелдер өздері айналысатын спорттың құралдарымен және паранжамен суретке түскен.
Украинаның Киев облысында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен қаланың бірі Бучада қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл киіз үйде "Незламності" яғни, "мызғымастық" пункті орналасқан. Тұрғындар киіз үйге келіп, жылынып, бауырсақ пен тәттіден дәм тата алады.
5 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңына жиналған жүз шақты адам бір жыл бұрын қаза болған Қаңтар құрбандарын еске алды
Тағы