25 қазан, Республика күні Алматы мен Астанада полиция бірнеше адамды көшеден әкетіп, бірнеше сағат ұстағаннан кейін босатқан. Бұл күні белсенділер президентті ерте сайлауға қарсы және партия тіркеуді талап етіп, бейбіт акция өткізбек болған. Полиция жиын өтетін орындарды жіті бақылауға алды.