Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады. Азаттық тілшілерінің Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбедегі наразылықтан түсірген фотолары.
27 ақпанда Ақмола облысы Талапкер ауылында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Екі күні бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында көз жұмған белсендімен қоштасуға, қатты боранға қарамастан, екі мыңнан астам адам келді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент пен Таразда марқұмды еске алды.
22 ақпанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкентте жоспарланған митинг орнына келген адамдардың біразы ұсталды. Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматы мен Нұр-Сұлтанда полиция жүзден астам адамды алып кеткен. Шымкент пен Ақтөбеде ондаған адам ұсталды.
Сирияның солтүстік-шығысындағы түрмелер мен лагерьлерде мыңдаған ер, әйел және бала қамауда отыр.
Осыдан 30 жыл бұрын, 1990 жылы 12 ақпанда совет әскері Душанбедегі Тәжік ССР-і Компартиясы Орталық комитетінің ғимараты алдына жиналған наразы жұртқа оқ атып, 26 адам қаза тапқан. 400-ден астам адам жараланған еді.
Қазақстандағы лас қалалардың бірі Теміртаудағы жұрты экология мәселесін айтып, тағы дабыл қақты. Өндіріс орындарынан шыққан қалдық қалаға жауған қарды әп-сәтте қара түске бояйды. Тұрғындардың кейбірі бұл жағдайды «экоцидке» теңейді.
Қытай және басқа елдер әлемді алаңдатқан коронавируспен қалай күресіп жатыр? Бұл суреттер ақпанның алғашқы он күнінде түсірілген.
Нацистер тұрғызған концентрациялық лагерьлердің ең үлкені – Освенцимде тұтқында болғандардың көбі еврейлер еді. Сондықтан оларды азат еткен күн – қаңтардың 27-сі халықаралық Холокост құрбандарын ескеу алу күні ретінде атап өтіледі.
Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан 11 миллион тұрғыны бар Ухань қаласында карантин жарияланды.
Австралияда бірнеше ай бұрын басталған өрт миллиондаған гектарға жуық аумақты алып, ел тарихындағы ең ауқымды өртке айналды. Қазір ел аумағындағы 180-ге жуық орман өртеніп жатыр.
Тағы