Сирияның солтүстік-шығысындағы түрмелер мен лагерьлерде мыңдаған ер, әйел және бала өмір кешіп жатыр. Олардың көбі «Ислам мемлекеті» террористік тобы күйреген соң қолға түскен. Ұсталғандардың біраз бөлігі - ИМ тобының мүшелері. Олар өз еліне орала ма, ол жағы белгісіз. Көп ел ИМ-ге қосылған азаматтарымен не істерін нақты шешпеді. Reuters агенттігінің фотографы Горан Томашевичтің 2020 жылы қаңтарда түсірген фотолары.
ИМ мүшелерінің шарасыз өмірі
![ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендердің бірі Әл-Хасака түрмесінің ауруханасында отыр. ](https://gdb.rferl.org/F7E73A61-668F-4911-B366-C289D365D6C5_w1024_q10_s.jpg)
1
ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендердің бірі Әл-Хасака түрмесінің ауруханасында отыр.
![ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендер Әл-Хасака түрмесінің камерасында отыр.](https://gdb.rferl.org/D7CAD9AE-E3BA-4C24-A3FC-3AF5F215AFCF_w1024_q10_s.jpg)
2
ИМ құрамында болды деп күдікке ілінгендер Әл-Хасака түрмесінің камерасында отыр.
![ИМ мүшелері Әл-Хасака түрмесінде жаттығу жасап жатыр. ](https://gdb.rferl.org/3AD8BBA0-DE1B-4378-868D-8023E0731D94_w1024_q10_s.jpg)
3
ИМ мүшелері Әл-Хасака түрмесінде жаттығу жасап жатыр.
![Түрмеде отырғандардың көбі Сирия мен Иракта ұсталған. ](https://gdb.rferl.org/1596E2F0-A5F4-4C65-9397-1DCFF2CA5B2A_w1024_q10_s.jpg)
4
Түрмеде отырғандардың көбі Сирия мен Иракта ұсталған.
![ИМ құрамында болған босниялық Алия Кесерович Әл-Хасака түрмесінің емханасында отыр. ](https://gdb.rferl.org/3A3297CB-F9AE-417F-A43E-EA63B2E52CA7_w1024_q10_s.jpg)
5
ИМ құрамында болған босниялық Алия Кесерович Әл-Хасака түрмесінің емханасында отыр.
![ИМ мүшелерінің бірі түрме лазаретінде дәрігерге қаралып жатыр. ](https://gdb.rferl.org/3550DFD7-FCA7-474E-B314-3DD239BB84D7_w1024_q10_s.jpg)
6
ИМ мүшелерінің бірі түрме лазаретінде дәрігерге қаралып жатыр.
![ИМ құрамында болғандар түрмеде намаз оқып жатқан сәт.](https://gdb.rferl.org/59A365D3-6173-4828-949D-C040ACA35DEF_w1024_q10_s.jpg)
7
ИМ құрамында болғандар түрмеде намаз оқып жатқан сәт.
![Ирактық Абед Әл-Хамед Атия түрмеде салған суретінің жанында отыр. Оған жеке камера бөлінген, себебі ұсталғандардың арасында Абедтің сурет салғанына қарсылар көп. ](https://gdb.rferl.org/1CC753B6-877B-4A55-A153-256DD9D1B706_w1024_q10_s.jpg)
8
Ирактық Абед Әл-Хамед Атия түрмеде салған суретінің жанында отыр. Оған жеке камера бөлінген, себебі ұсталғандардың арасында Абедтің сурет салғанына қарсылар көп.
![Ұсталғандар түрме камерасында отыр. ](https://gdb.rferl.org/E0F10238-95E5-4856-B132-58CD78D97F4C_w1024_q10_s.jpg)
9
Ұсталғандар түрме камерасында отыр.
![Босния және Герцеговинадан келген Моамера Мухамедагич ИМ мүшесінің әйелі болған. Қазір ол Сириядағы Әл-Рож лагерінде өмір сүріп жатыр. ](https://gdb.rferl.org/72C85384-76D5-4DA4-943E-22A4A4FA1EB4_w1024_q10_s.jpg)
10
Босния және Герцеговинадан келген Моамера Мухамедагич ИМ мүшесінің әйелі болған. Қазір ол Сириядағы Әл-Рож лагерінде өмір сүріп жатыр.
![Күрд шенеунігі Римелан (Сирия) қаласында ұсталған ИМ мүшелерінің паспортын көрсетіп жатыр. Құжаттардың арасында Қазақстанның паспорты бар. Қазақстан ҰҚК дерегінше, елден Сирия мен Иракқа мыңға жуық адам кеткен. ](https://gdb.rferl.org/1C09E335-48F4-4284-829F-72C324955BCF_w1024_q10_s.jpg)
11
Күрд шенеунігі Римелан (Сирия) қаласында ұсталған ИМ мүшелерінің паспортын көрсетіп жатыр. Құжаттардың арасында Қазақстанның паспорты бар. Қазақстан ҰҚК дерегінше, елден Сирия мен Иракқа мыңға жуық адам кеткен.
![ИМ мүшелерінің жанұялары өмір сүріп жатқан Әл-Хол лагері. Қазақстан билігі "Жусан" операциясы кезінде Таяу Шығыстан 600-ге жуық азаматын елге алып келген. Олардың қырықтан астамы сотталып, қазір Қазақстан түрмесінде отыр. ](https://gdb.rferl.org/3BE9DC02-56D2-42A2-A4F9-4BF22FE78934_w1024_q10_s.jpg)
12
ИМ мүшелерінің жанұялары өмір сүріп жатқан Әл-Хол лагері. Қазақстан билігі "Жусан" операциясы кезінде Таяу Шығыстан 600-ге жуық азаматын елге алып келген. Олардың қырықтан астамы сотталып, қазір Қазақстан түрмесінде отыр.
![Әл-Хол лагерінде жүрген балалар. ](https://gdb.rferl.org/36703259-2A70-4512-B2A6-5E9199951818_w1024_q10_s.jpg)
13
Әл-Хол лагерінде жүрген балалар.
![Әл-Хол лагерінде отырған әйел. ](https://gdb.rferl.org/2B03C158-F3B8-4F91-A332-6A12DD97AE79_w1024_q10_s.jpg)
14
Әл-Хол лагерінде отырған әйел.
![Әл-Хол лагеріндегі базарда жүрген әйелдер. ](https://gdb.rferl.org/E5C6F32A-A287-4A63-9F2F-2A87BE265E39_w1024_q10_s.jpg)
15
Әл-Хол лагеріндегі базарда жүрген әйелдер.