Нацистер тұрғызған концентрациялық лагерьлердің ең үлкені – Освенцимде тұтқында болғандардың көбі еврейлер еді. Сондықтан оларды азат еткен күн – қаңтардың 27-сі халықаралық Холокост құрбандарын ескеу алу күні ретінде атап өтіледі.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде германиялық нацистер мен олардың жақтастары Освенцим лагерінде (Аушвиц-Биркенау) бір миллионнан астам адамды өлтірген. Олардың басым бөлігі еврейлер еді. Ал германиялық нацистердің 1933-1945 жылдары жүргізген еврейлерді жою операциясы – Холокост – кезінде алты миллионға жуық еврей өлтірілген. 1945 жылы 27 қаңтарда совет әскері нацистердің ең ірі концентрациялық лагері Освенцим азат еткен.
Освенцим лагері: Бұрын және қазір
Бұрын

Қазір

1
Освенцим қақпасы. Оң жақтағы сурет 1945 жылы лагерь тұтқындары азат етілген кезде түсірілген. Содан бері бұл жерде ештеңе өзгерген жоқ.
Бұрын

Қазір

2
1944 жылы түсірілген оң жақтағы суретте балаларымен бірге газ камерасына бара жатқан әйел бейнеленген. Олардың арғы жағында Освенцимге қосымша салынған Биркенау лагерінің ағаш барақтары көрінеді. Соғыс біткен соң ол ғимараттар бұзылды, бірақ кірпіш қабырғалары мен мұржалары әлі күнге дейін бар.
Бұрын

Қазір

3
Сол жақтағы 2015 жылы қаңтарда түсірілген суретте туристер лагерьдің 15-блогын аралап көріп жүр. Оң жақ суретте соғыс кезінде нацистердің лагерь аумағында шырша егіп жатқан сәті бейнеленген.
Бұрын

Қазір

4
Освенцимдегі төрт крематорий пештерінің алғашқы салынғаны. Бұл пештерді өлген тұтқындардың сүйегін жағу үшін пайдаланған. Екінші және үшінші пештерді ғимаратымен бірге нацистер совет әскері келгенге дейін бұзып тастаған. Төртіншісі 1944 жылы тұтқындар көтерілісі кезінде қиратылған.
Бұрын

Қазір

5
Освенцимдегі 11-блоктың ауласындағы «Ажал қабырғасы». Бұл жерде тұтқындары атқан. Соғыстан кейін ауланы қайтадан қалпына келтірген. Оң жақ суретте – ауланың нацистер тұсындағы көрінісі. 11-блокта тұтқындарды түрлі әдістермен азаптап-қинаған.
ПІКІРЛЕР