Оппозициялық топтар "митинг өтеді" деп жариялаған көктемнің алғашқы күні бірнеше қалада ондаған белсендіні полиция ұстады. Әкімдік ғимараттары мен алаңдарда күзет күшейіп, интернет байланысы нашарлады.
Полиция Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында қайтыс болды деп хабарлаған белсенді Дулат Ағаділ жерленгеннен кейін әлеуметтік желіде марқұмның денесіндегі "жарақаттар" жайлы видео тарады. Прокуратура шұғыл брифинг өткізіп, ресми сараптама қорытындысын күтуге шақырды.
Тергеу абақтысында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділмен Талапкер ауылында өткен қоштасу рәсіміне мыңнан аса адам қатысты. Бірнеше қалада марқұмды еске алуға жиналғандар билікті айыптады. Нұр-Сұлтанда жиырмадан аса наразыны полиция ұстады.
Үкіметке қарсы акцияларда белсенділігімен танылған Дулат Ағаділдің абақтыдағы жұмбақ қазасы қоғамды бей-жай қалдырмады. Белсендінің "жүрегі қысып қайтыс болғаны" жайлы ресми ақпаратқа сенбейтін серіктері марқұмды әділетсіздікке қаны қас, жаны жомарт азамат еді деп еске алады.
Ақпанның 22-і күні түстен кейін Қазақстанның бірнеше қаласында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы шеру өтеді деп көрсеткен орындарда жүзден астам адамды полиция ұстады. Түске дейін Алматыда тіркелмеген "Демократиялық партияның" оннан астам жақтасы ұсталған.
Қазақстан прокуратурасы "заңсыз митингіге" шықпауды ескертті. Сот тыйым салған оппозициялық қозғалыс пен тіркелмеген партия белсенділері ақпанның 22-і күні екі бөлек шеру өткізетінін айтқан. Шеру өтпей жатып билік ондаған белсендіні ұстап, кейбіреуін бірнеше тәулікке қамады.
Петропавлдан шалғайдағы Бірлік ауылында тұратын 26 жастағы Нұрбол Өнерхан "азаматтық белсенділігі үшін қысымға ұшырағанын" айтады. Әлеуметтік желідегі "шеруге шақырған" посты үшін он тәулікке қамауда отырып шыққан соң жұмыстан босап, әскерге шақырылған.
Полицейлердің жол ережесін бұзғанын видеоға түсірген оралдық блогер Айболат Бөкеновті полиция департаменті де, әкімдік қаржысына жұмыс істейтін газеттің қызметкері де сотқа берген. Ақпанның 18-і күні Бөкенов тағы да тергеуге алынғанын естіді.
Қазақстанда соңғы күндері жиырмадан аса белсенді түрлі айыппен ұсталып, жазаға тартылды. Құқық қорғаушылар мұны алдағы сенбіге жоспарланған наразылық шарасына "биліктің дайындығына" балайды. Бұған қоса әлі тіркелмеген Демпартия белсенділері құрылтай съезі алдында өздеріне кедергі көбейгенін айтады.
Өзбек блогері Нафосат Оллошукурова тұтқында болған кезде оппозицияға қарсы куәлік беруден бас тартқаны үшін полиция қызметкерлері өзін ұрып-соғып, "зорлаймыз" деп қоқан-лоқы жасағанын мәлімдеді.
Қазақстанда президент ауысқалы бері бұрын сирек құбылыс саналатын наразылық акциялары елде жиі өтетін болған. Билік рұқсат етілген митингілерді өткізетін орынды орталықтан алыс жерден берген.
Қазақстандық құқық қорғаушылар жаңа жылды жаңа президентпен қарсы алған елде "ой-пікірі мен белсенділігі үшін жазаланған азаматтар бұрынғысынша түрмеде әлі отыр" дейді. Билік елде саяси тұтқын барын жоққа шығарады.
Тағы