"Үш жылға бостандығы шектеліп, 100 сағат жұмысқа жегілсін, бес жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салынсын". Биліктегі "Нұр Отан" партиясын сынағаны, Facebook-тегі посты үшін "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген айып тағылған белсенді Әлнұр Ильяшевқа Алматы соты осындай үкім шығарды.