Құқық қорғаушы Евгений Жовтис Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы саяси тұтқындар проблемасын сөз етті.
АҚШ мемлекеттік департаменті әлем елдеріндегі адам құқықтарына арналған есебін жариялады. АҚШ авторитарлық режимдердің билігін сақтау үшін қауіпсіздік күштерін пайдаланып отырғанын айыптайды.
Интернетке Түркия премьерінің телефон әңгімесі шықты. Онда Ердоғандікіне ұқсайтын дауыс «үйдегі ақшаны тергеушілерден жасыру» туралы тапсырма береді. Елдегі саяси дағдарыс ушыға түсті.
25 ақпан күні Алматыда "Азаттық" сыйлығы тапсырылды. Адам құқықтары мен сөз бостандығын қорғауға үлес қосқан азаматтарға арналған сыйлық бес адамға берілді.
Үкімет қақтығыстарға армияның араласуын талап ете бастады. Әскерилер позициясы әзірге белгісіз. Азаттық тілшісі осы төңіректегі бірнеше сұраққа жауап іздеп көрді.
Украинадағы дағдарыс шиеленіскен тұста елдің екіге бөлінуі туралы болжамдар қайта айтыла бастады. Сарапшы «мәселенің солай шешілгені дұрыс шығар» дейді.
Дүйсенбі Украинада жүздеген шерушіге рақымшылық жарияланып, дағдарыс шешілетіндей көрінген. Бірақ ертеңінде полиция мен шерушілер қақтығысып, 25 адам өлді.
Мәжіліс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Кейбір депутаттардың айтуынша, кодексте «қылмысына қарай жазасы» принципі сақталмаған.
Ақпанның 15-і күні Алматыда Республика сарайының маңына жүзден аса наразы азаматтар жиналды. Теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа наразылық білдірген ондаған азаматты полиция ұстады.
Туыстары "медициналық жәрдемге қолы жетпей отырған Мұхтар Жәкішевтің денсаулығы одан сайын нашарлауы мүмкін" деп алаңдайды.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Чехияға ресми сапары кейінге шегерілді. Оның Еуропаға келуіне халықаралық құқық қорғау ұйымдары қарсы болған еді.
Чех президенті Милош Земан өзбек президенті Ислам Каримовты осы айдың соңында қабылдамақ. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Земаннан кездесуден бас тартуды сұрайды.
Тағы