Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» (RWB) ұйымының жыл сайынғы сөз еркіндігі рейтингінде 161-орында тұр. Пост-советтік елдер ішінде Қазақстан Өзбекстан мен Түркіменстаннан ғана жоғары тұр.
Бірер күн бұрын жоғалып кеткен «Еуромайдан» белсендісін құлағын кесіп, тырнағын жұлып азаптаған. Бұл оқиға Украинада «Ресейден келген жендеттер» туралы қаңқу әңгімені өршітіп жіберді.
Қаскелеңде өткен оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты сотта Ержан Өтембаевқа осымен екінші рет үкім шықты.
Орталық Азия халықтары дәстүр бойынша ерекше құрметтейтін адамын үйіне қонаққа шақырады. Орталық Еуропа салттары да осыған ұқсас. Бірақ Чехия президенті әлемдегі ең репрессияшыл басшының бірін неге қонақ қылмақ?
Ресейдегі кабельді телеарна операторларының біразы Ленинград қоршауы туралы сауалнамасынан соң «Дождь» телеарнасын көрсетпей қойды. Бірақ жақтастары «Кремль осыны сылтауратып, оппозициялық арнадан құтылуды көздейді» дейді.
Қазақстан парламенті мәжілісі әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырғаны үшін 15 жылға дейін түрме жазасын тағайындайтын жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Осыған дейін бейбіт түрде жүріп жатқан «Еуромайдан» акциясы өткен апта қайта ушығып, қан төгілді. Наразылық шарасына қатысып жүрген азаматтың сүйегі қаңтардың 22-сі күні Киев маңындағы орманнан табылды.
Freedom House құқық қорғау ұйымы рейтингінде Қазақстан еркін емес елдер тізімінде қалып отыр. Рейтинг авторларының сөзінше, елдегі жағдай үздіксіз нашарлап барады.
Қазақстан қылмыстық кодексінің жаңа жобасы жасалды. Оны енді депутаттар талқылайды. Жобада еңбек дауын қоздырғандарға айыппұл ғана емес, түрмеге кесу жазасы да қарастырылған.
Human Rights Watch халықаралық ұйымы 2013 жылы Қазақстанда адам құқықтары бойынша ахуалдың нашарлай түскенін жазады.
Украинада көше шерулерін ауыздықтауға бағытталған заңға президент Виктор Януковичтің қол қоюы елде билікке наразылықты бұрынғыдан да күшейтіп жіберді.
Тағы