3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні. Құқық қорғаушы «Қазақстанда оппозициялық және тәуелсіз БАҚ күрт азайып кетті» деп мәлімдейді.
Тәуелсіз ақпарат құралдары қудалау көріп жатқан Қазақстанның сөз бостандығы деңгейі былтырғыдан бес сатыға төмендеген.
Әзербайжанда құқық қорғаушылар қысымға ұшырап, бұл оқиға Батыстың алаңдаушылығын туғызды.
Иран президенті «шетелде жүрген ирандықтар елге оралыңдар» деп, оларды құшақ жая қарсы алатын сыңай танытқан. Бірақ қайтып келген диссиденттер қайта қуғынға ұшырап жатыр.
Иранның арасында әйелдер де бар ондаған тұрғыны шаштарын тықырлап қиып, суреттерін интернетке жариялады. Олар мұндай айрықша тәсілмен саяси тұтқындарды қолдайтындарын білдірді.
Жабылып жатқан оппозициялық газеттердің журналистері Украинадағы дағдарысқа байланысты Қазақстанда сөз бостандығы ахуалы бұдан әрі шиеленіседі деп болжайды.
Кремльге қарасты сайт «Ресейге қарсы» БАҚ-ты анықтайтын компьютерлік бағдарлама жасап шығарды. Қазір 20 шақты ақпарат құралы «қара тізімге» кірді.
Иран үкіметін сынап жүрген белгілі құқық қорғаушы Насрин Сотоудех барлау министрлігінің шақыртуына бармады. Ол «дөрекі түрде телефонмен шақыру заңсыз» дейді.
Қамаудың жеңілдетілген түріне ауысу алдында құқық қорғаушы Вадим Курамшин мен адвокаты түрме әкімшілігі арандатуға баруы мүмкін деп қауіптенеді. Түрме басшылығы оны жоққа шығарады.
Ақтөбе қалалық соты іздеу жариялаған оппозициялық журналист Наталья Садықова Украинада екенін жасырмайды. Қазақстанда оны бұрынғы депутаттың "ар-намысына тиді" деп айыптайды.
«Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жуырда тұтқындалған қызметкері қамаудан шықты. Бірақ «заңсыз жолмен келген ақшаны пайдалану» туралы іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы саяси тұтқындар проблемасын сөз етті.
Тағы