Ресей оппозициялық белсенділері «Путинизмді қалыптастырған, оған билікті асыра пайдалануына жол ашқан» бірнеше заңның тізімін жасады. Олардың ойынша, Ресей қоғамының бұл заңдардан құтылғаны жөн.
Түркияда өзбек оппозициясының қуғындағы лидері Мухаммад Салихты өлтірмек болған деген күдікке ілінген бес ер адамның екеуі жақында Стамбул сотында жауап бермек. Олардың біреуі - Өзбекстан азаматы.
Тәжік парламенті президент Эмомали Рахмонға «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заң жобасын мақұлдады. Онда Рахмонды сотқа тартуға болмайтыны жазылған. Заңды сынап жатқандар да бар.
Сәрсенбіде азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаевтың сотын уақытша тоқтату талап етілді.
Сот Заречный түрмесіне қамалған оппозициялық саясаткер Владимир Козловты мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Козлов түрме басшылығы қысым жасап келе жатқанын айтады
Түркіменстанда Сапармұрат Ниязовтың тұсындағы репрессия кезінде атбегі Гелді Кяризов жылқы өсіру министрі болған еді. Ол елдегі «ең сұмдық» түрмеге түсіп, бес ай отырып шықты.
Құқық қорғаушылар Литваны бұрынғы банкир әрі қуғындағы оппозиционер Мұхтар Әблязовтің туысы Сырым Шалабаевты Қазақстанға бермеуге шақырады.
Қарашаның басында Дублинде Front Line Defenders ұйымы өткізген конференцияға әлемнің 80-нен астам елінен өкілдер жиналды. Азаттық осы жиынға Қазақстаннан барған құқық қорғаушымен сұхбаттасты.
Өзбекстанда «төңкеріс жасамақ болды» деп айыпталып, 21 жыл түрмеде отырған саяси тұтқын Мурод Жураев бүгін бостандыққа шықты
AzattyqLIVE хабарында құқық қорғаушы Маржан Аспандиярова АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің Қазақстанға келуіне байланысты елдегі адам құқықтары ахуалы жайлы пікірлерін айтты.
Үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстан, Тәжікстан мен Түркіменстан жайлы бірлескен шолуында үш елде азаматтардың негізгі бостандықтарының бұзылып отырғаны айтылған.
Қазақстанның коммунистік партиясы өзін жабу туралы биыл тамызда шыққан сот шешімін апелляцияға беріп жатыр. Кейбір сарапшылар бұл шешімнің саяси астары бар екенін айтады.
Тағы