Құқық қорғаушы Елена Семенова Павлодардағы диссидент Арон Атабек отырған түрмеде болды. Төрт жылдан аса бір кісілік камерада отырған оппозиционер жағдайына қатысты жайттар алғаш ашылып отыр.
Әлеуметтік алауыздықты өршітті деген айыппен түрмеге қамалған оппозициялық саясаткер Владимир Козлов енді «түрме ішіндегі түрмеге» ауыстырылды.
Қазақстан ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Азаттыққа Заречный түрмесінде жатқан Владимир Козловтың аштық жариялағаны туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеді.
Freedom House есебінде Қазақстан демократияны дамыту жағынан өтпелі кезеңде тұрған 29 ел ішінде 25-орын иеленген. Қазақстаннан кейін Беларусь, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан тұр.
АҚШ мемлекеттік департаменті жыл сайынғы әлем елдеріндегі адам құқықтарының жағдайына қатысты есебін жариялады.
Қастандықтан қаза тапқан саясаткер Борис Немцовтың қызы Жанна Ресей мемлекеттік арналарының насихатын нацистік Германия мен геноцид тұсындағы Руанда үгітіне теңеді.
Өзбекстан билігі адам құқығы бұзылғаны туралы деректер жинаған құқық қорғаушы Елена Урлаеваны жазалаған соң, халықаралық ұйымдар белсендінің жағдайына тағы назар аударды.
Алматылық азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожина өзінің бейбіт жиын өткізу еркіндігі жайлы БҰҰ-ның адам құқығы комитетінің былтырғы шешімі Қазақстанда орындалмай отырғанын айтады.
«Ашық диалог» құқық қорғау ұйымы «Мұхтар Әблязовтің ісін тергеуде Украина мен Қазақстан бас прокуратуралары арасында коррупциялық байланыс бар» деп мәлімдейді. Ресми ведомстволар мұны терістейді.
Ресей саясаткері Борис Немцов ақпанның 25-і досы Илья Яшинге келіп, маңызды зерттеу материалын шығаруға көмек сұраған. Зерттеу Украинада жасырын соғысып жатқан Ресей солдаттары туралы болған.
Беларусь президенті біресе елін «Ресейдің батыс өңірі» дегендерге ашуланады, біресе «тағдырымыз Ресеймен бірге» деп жуасиды. Украина дағдарысы Мәскеу-Минск қатынасына қалай әсер етті?
Қазір Өзбекстанда санаулы ғана құқық қорғаушы қалған. Оларды жақтырмайтын үкімет құқық қорғаушыларға қарсы көбінесе астыртын әрекет етеді.
Тағы