Тәжікстанда тыйым салынған салафи діни ағымы мүшесі деген күдікке ілінген 18 адамға қарсы жабық сот процесі өтіп жатыр. Билік олардың аты-жөнін де, қандай айып тағылғанын да жарияламады. Сыншылар үкімет әсіре діншілдікпен күрес ұранын бетке ұстап, іс жүзінде өзімен келіспейтіндерді жаншиды дейді.
14 қазанда Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы "Интернеттегі еркіндік" (Freedom on the Net-2020) есебін жариялады. Ұйым биылғы есебінде де Қазақстанды "интернеті еркін емес ел" деп атады.
АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі дін бостандығының жағдайы туралы 2019 жылға арналған жыл сайынғы есебін жариялады. Әлем елдеріндегі ахуалды саралаған есепте Қазақстанда дін еркіндігін шектеу жалғасып келе жатқаны айтылған.
АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі бойынша комиссиясы әлемдегі дін бостандығы жайлы жыл сайынғы есебін жариялады. Құжатта АҚШ мемлекеттік департаментіне Қазақстанды дін бостандығы саласында құқықтардың бұзылуына жол бергені үшін "арнайы бақылауды қажет ететін елдер" тізіміне қосу тапсырылған.
Қазақстандық құқық қорғаушылар жаңа жылды жаңа президентпен қарсы алған елде "ой-пікірі мен белсенділігі үшін жазаланған азаматтар бұрынғысынша түрмеде әлі отыр" дейді. Билік елде саяси тұтқын барын жоққа шығарады.
Алматыда сырттай сотталған "Новая жизнь" шіркеуінің пасторлары өздеріне қарсы ойдан шығарылған айып бойынша іс қозғалған деп санайды. Олар қылмыстық істің астарында діни-этникалық фактор барын айтады. Билік мұны жоққа шығарады.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбеде орамал дауы қайта көтерілді. Оқушы қыздары орамал тартатын ондаған ата-ана облыс әкімдігіне барып, Конституциядағы құқықтарының бұзылып жатқанын айтты. Олар қыздарын қыркүйектен бастап мектепке орамалмен кіргізуді талап етті.
«Терроризмді насихаттады» және «араздық қоздырды» деп айыпталған сегіз адам түрме жазасына кесілді. Оларға WhatsApp мессенджеріндегі жазбалары үшін айып тағылған.
WhatsApp-та "діни тақырыптар" қозғап, "терроризмді насихаттады" және "ұлттық, діни алауыздық тудырды" деп айыпталғандарды Алматыда сотқа тартып жатыр.
Шымкенттегі әл-Фараби аудандық соты Cауд Арабиясында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған 41 жастағы Ділмұрат Махаматовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. "Терроризм" бабымен айыпталған Ділмұрат Махаматов сот үкімімен келіспейтінін айтты.
АҚШ-тың діни еркіндік жөніндегі комиссиясы (USCIRF) Халықаралық діни бостандық жайлы 2018 жылға арналған есебін жариялады. Есепте 2018 жылы Қазақстанда діни бостандық жағдайы сәл жақсарғанын, бірақ елде діни наным-сенімді шектеу әлі жалғасып жатқаны айтылған.
Тағы