Орталық Азиядағы биліктің қаһарына ұшыраған диссиденттердің екі таңдауы бар – қашан қамайды деп күтіп жүреді немесе елден кетеді. Бірақ шетелге кетсе де, тыныш өмір сүре алмай жүргендер көп.
Аймақ елдері үкіметтерінің қатты қорқатын дүниесі - дін. Бұл аймақта қазір зайырлы оппозиция жоқ, оның орнын діни оппозиция басқан.
Қырым татарларының үйлеріне тінту жүргізіліп, бес адам ұсталды. Ресей ақпарат құралдары күдіктілерге терроризм айыбы тағылғанын жазды. Адвокат бұл істі "қырым татарларын қорқыту" деп түсінеді.
Шығыс Қазақстан облысында тұратын зейнеткер екі кейуана дінге қатысты заң талабын бұзғаны үшін салынған айыппұлдың күшін жойдыруға тырысып жүр. Оларды Евангелие христиан баптистері қауымы мүшелері сыйынып, діни әндер айтқан үйде ұстаған.
Қазақстанның жаңарған үкіметінде дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі ашылды. Азаттық кей саясаткерлер мен сарапшыларға «Мұндай министрліктің қажеті не?» деген сауал қойды.
Парламент мәжілісі комитетінің отырысында экстремизм мен терроризмге байланысты заң жобасын таныстырды. Қауіпсіздік өкілдері заң күшейгенін, ал құқық қорғаушылар «әлеуметтік жағдай мен идеологияны ескеру керек» екенін айтады.
Қарағанды облысында 26 маусымдағы полиция операциясы кезінде «өзін-өзі жарды» деген жігіт туып-өскен Гүлшат ауылындағы 30 үй қоңыртөбел тұрмыс кешіп жатыр.
Бес жыл бұрын шілденің 1-іне қараған түні Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Шұбарши ауылында полицейлерге шабуыл жасалып, оның соңы күш құрылымдарының «терроршы топпен» 10 күндік қарулы қақтығысына ұласқан. Азаттық тілшісі ауылдың қазіргі ахуалын көріп қайтты.
«Таблиғи жамағат» діни ұйымы қызметіне қатысты деген айыппен сотталған астаналық Мұрат Такаумовты судья тоғыз айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Такаумов сот шешімімен келіспейді. Ал адвокат «апелляцияға берсек, жаза мерзімін ұзартып жіберуі де мүмкін» деп қауіптенеді.
1993 жылы мамырдың 7-сі түн ортасында Босния-Герцеговинаның Баня-Лука қаласындағы сан ғасырдан бері келе жатқан Ферхадия мешіті жарылыстан тас-талқан болды.
Дәстүрлі емес ислам қауымының қазір түрмеде отырған бұрынғы уағызшысының әйелі некелерінің бұзылатынын сезеді. Оның туыстарымен болған жанжалдан кейін келіншегі кішкентай екі баласын ертіп, күйеуінің үйінен кетуге мәжбүр болған.
Тәжікстандағы Куляб аймағы басшылығы экстремистер ошағы деп сезіктенген заңсыз мешітті тұрғын үйге айналдырып, оны баспанасыз жүрген жалғызілікті анаға берді. Ал мешітті өздері салып, сонда құлшылық етіп келген жергілікті тұрғындар бұған наразы.
Тағы