Қырғызстанда мемлекет мекемелері, жеке кәсіпорындарда жұмыс істейтін мұсылмандардың жұма намазына қатысуына уақыт бөлу үшін еңбек кодексіне түзету енгізу туралы ұсыныс қаралып жатыр.
Мұнда қарулы адамдар көлікті аяқастынан тоқтатып, тінту жүргізеді. Маска кигендер адамды көлікке салып алып кетеді де, артынан мәйітін жібереді. Өзбекстанда полиция терроры күшейіп тұр.
Өзбекстанның Ферғана облысы Алтыарық ауданының 11 тұрғыны діни айыппен тұтқындалған.
Үш айдан бері Астанадағы ҰҚК тергеу абақтысында отырған Мұрат Такаумовтың қамақ мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Жұбайы ерінің «Таблиғи жамағатқа» қатысты сотталған азаматтарға заңгерлік кеңес бергенін айтады.
Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық 2-сотында бір айдан бері жүріп жатқан «Таблиғи жамағат» ісі бойынша үкім шықты. Сотталған бес адамның жақындары «олар ешкімге жамандық жасаған жоқ» дейді.
Қарағандыда «Таблиғи Жамағат» қызметін ұйымдастырып, оған қатысты деп болжанған үш күдіктінің сотында олардың достарынан жауап алып жатыр. Сотталушылар айыптарды жоққа шығарады.
Өзбекстаннан әуелі Қазақстанға, кейін Ресейге жаяу-жалпылап қашқан босқын Әбдірешид Кушаев Эстонияға жетіп тұрақтаған. Енді оған ол жақ саяси баспана беруі мүмкін.
Астана қаласының Сарыарқа аудандық 2-сотында «Таблиғи Жамағат» тобының мүшелері делінген адамдардың соты басталды. Айыпталған бес адамның кейбірі таққан айыппен келісті.
Тәжік парламенті конституцияны өзгертуді ұсынды. Сайлауға түсетін адамның жасы төмендетіліп, Рахмонның президенттік мерзімі ұзармақ. Сарапшылар «президент мұны өзі мен ұлы үшін жасайды» дейді.
Ресей оппозициялық белсенділері «Путинизмді қалыптастырған, оған билікті асыра пайдалануына жол ашқан» бірнеше заңның тізімін жасады. Олардың ойынша, Ресей қоғамының бұл заңдардан құтылғаны жөн.
Тәжік парламенті президент Эмомали Рахмонға «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заң жобасын мақұлдады. Онда Рахмонды сотқа тартуға болмайтыны жазылған. Заңды сынап жатқандар да бар.
Тәжікстан Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымына қосылатын адамдар санын азайту мақсатында елдегі мұсылман дәстүрлерін шектеуді күшейтті.
Тағы