«Таблиғи жамағат» ұйымына қатысы бар және «діни алауыздық қоздырды» деп айыпталған Сәкен Тулбаев 4 жыл 8 айға сотталды.
Freedom House есебінде Қазақстан демократияны дамыту жағынан өтпелі кезеңде тұрған 29 ел ішінде 25-орын иеленген. Қазақстаннан кейін Беларусь, Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан тұр.
АҚШ мемлекеттік департаменті жыл сайынғы әлем елдеріндегі адам құқықтарының жағдайына қатысты есебін жариялады.
Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымы мүшесі деген айыпталушының соты орыс тілінде қайта басталды. Сотталушы қазақ тілінде жауап беруден бас тартқан.
Қызметіне тыйым салынған «Таблиғи жамағат» діни ұйымы мүшесі деп болжанған айыпталушының ісіне қатысты сот процесі басталды. Ол енді тергеу амалдарын орыс тілінде қайта жүргізуді сұрайды.
АҚШ Орталық Азия елдерімен қарым-қатынаста адам құқықтарына қатысты санкция салуға бармай, "табанды, нақтылыққа сүйенген" дипломатия ұстана беретінін жариялады
ҚАЖК өкілдері «Қазақстан түрмелерінде терроризм, экстремизм айыбымен сотталғандар ықпалы күшейіп бара жатқанын» айтады. Алайда жазасын өтеп шыққандар «түрмеде діни ахуал қалыпты» дейді.
Қазақстанда діни экстремизммен күрес күшейген сайын сотталушылар қатарында жасөспірімдер пайда бола бастағаны байқалады. Азаттық осы құбылысты зерттеп жүрген маманмен сұхбаттасты.
Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы «Хизб-ут-тахрир» мүшесі Рафис Ғалиулин түрмеде азаптауға ұшыраған» деген құқық қорғау ұйымының мәлімдемесін теріске шығарды. Ал тұтқынның әйелі ерінің жағдайын тексеруді талап етеді.
Ісі тергеуде жатқан шығысқазақстандық құқық қорғаушы қылмыстық айыптауға түрткі болған көзқарастарын әлі жариялап жүр. Алматыда жүрген оның қылмыстық ісінің тексерілмей жатқанына бір жылдан асты.
Human Rights Watch (HRW) ұйымы Қазақстанда былтыр бейбіт жиын өткізу құқығы, сөз бостандығы мен дін еркіндігі аясы тарылғанын айтады.
Шешенстан терроршылардың туыстарын да қуғындау тәжірибесін заңдастырғысы келеді.
Тағы