Орал қаласында «террористік топтың қызметіне қатысты» деп айыпталып отырған алты адамның бірі Нұрбек Ғабдуловтың анасы Гүлжиян Ғабдулова баласын «жәндікті де өлтіруге қимайтын адам» деп сипаттайды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылында жергілікті мектеп әкімшілігі мен бірнеше ата-ана арасында дау туды. Мектеп басшылығы сабаққа орамал тағып келген үш қыздан «хиджабтарын шешуді» талап еткен.
Өзбекстанның білім министрлігі студенттерді интернетті байқап пайдалануға, арнайы бір уақытта суға шомылып, шуламай ас ішуге міндеттейтін жаңа ереже шығарды.
Ақтөбе университетінің 8 студенті дүйсенбіден бері сабаққа қатыса алмады. Себебі университет басшылары хиджаб киіп жүрген қыздардан «орамалды мойындарын орамай, артқа қарай байлап келуін» талап еткен.
Эстония билігі өз аумағынан мәжбүрлеп шығарып жіберген өзбек босқыны Рахим Собиров енді Ресейден саяси баспана сұрап отыр. Босқын шырғалаңы өзі сияқты мұсылман қауымына мүше бір топ адаммен Өзбекстаннан Қазақстанға бассауғалап барғанда басталған еді.
Теміртауда «терроризмді насихаттағаны үшін» сотталған төрт мұсылманның туыстары олардың жазықсыз екендерін айтады.
Ақтөбе гарнизонының әскери соты қарашаның 2-сі күні бұрынғы судья Ағызбек Төлегеновтің «ешқандай экстремистік ұйымдармен байланысы жоқ» деген шешім шығарды. Бұған дейін Ақтөбе облыстық соты судьяны «Таблиғ-и-жамағат» тобымен байланысы бар деген айыппен қызметтен шеттеткен еді.
Телеарналардың бірі лаңкестік айыппен түрмеде отырған Валерий Твердохлебтің «қателескенін мойындағанын» көрсетті. Алайда тұтқынның әйелі бұл бейнесюжетке күмәнмен қарайды.
Алматыда «сопылар ісі» бойынша бір топ адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімін тым қатал деп бағалап отырған қорғаушы жақ оның айыптау қорытындысынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады.
Аудан әкімі «сақалдарыңды алып тастаңдар» деп сес көрсетті дейді Созақ ауданының тұрғыны. Ал әкім тек «әдемі, жарасымды болып жүруге кеңес бергендігін» айтады.
Қазанның 13-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент пен қоғам арасында біраз дау тудырған діни қызмет туралы заңға қол қойды. Ал биыл әскерге шақырылғандар діни сеніміне қатысты тексеруден өтіп жатыр.
Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ағызбек Төлегенов «экстремистік ағымдағы діни ұйымдармен байланыс орнатқаны үшін» деген ресми шешімге сәйкес қызметтен шеттетілді.
Тағы