Жарты жыл бұрын бір топ әйел Азаттық тілшілері мен Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро қызметкерлеріне шабуыл жасады: журналистерге қол жұмсап, кәсіби техникасын бүлдірді. Содан бері алты ай өтсе де, полиция мен прокуратураға жазылған шағымға қарамастан, бұл шабуыл әлі тексерілген жоқ.