Украинаның Славянск қаласында ресейшілдер тұтқынында болған Польшаның үкіметтік емес ұйымында жұмыс істейтін журналист Сергей Лефтер Азаттыққа тартқан азабын баяндап берді.
3 мамыр – дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні. Құқық қорғаушы «Қазақстанда оппозициялық және тәуелсіз БАҚ күрт азайып кетті» деп мәлімдейді.
Тәуелсіз ақпарат құралдары қудалау көріп жатқан Қазақстанның сөз бостандығы деңгейі былтырғыдан бес сатыға төмендеген.
Әзербайжанда құқық қорғаушылар қысымға ұшырап, бұл оқиға Батыстың алаңдаушылығын туғызды.
Иран президенті «шетелде жүрген ирандықтар елге оралыңдар» деп, оларды құшақ жая қарсы алатын сыңай танытқан. Бірақ қайтып келген диссиденттер қайта қуғынға ұшырап жатыр.
Шығыс Украинада журналистер, жергілікті саясаткерлер, қарапайым азаматтар жоғалып жатыр. Баспасөзді қорғайтын халықаралық ұйым жоғалып кеткен, қаза тапқан, сепаратистер қамауында отырған адамдар тізімін жариялады.
Орал қаласында тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедьяровқа қастандық жасауға қатысты іс бойынша тағы бір үкім шықты. Жәбірленуші істі қосымша тергеуге жіберуді сұрайды.
Жабылып жатқан оппозициялық газеттердің журналистері Украинадағы дағдарысқа байланысты Қазақстанда сөз бостандығы ахуалы бұдан әрі шиеленіседі деп болжайды.
Қазақстандағы соңғы оппозициялық газеттердің бірі – «Ассанди-Таймс» сот шешімі бойынша жабылды. Бас редактор "апелляциядан қайран жоқ" деп санайды.
Қазақстанда төтенше жағдай кезінде БАҚ-тың жұмыс істеу ережелері күшейтілді. Баспасөз еркіндігін қорғаушы Тамара Калеева бұл шаралар Киевтегі қарсылық қызып тұрған тұста қабылданғанын айтады.
Баспасөз қорғау ұйымдары Қазақстандағы журналистердің қауіпсіздігіне алаңдайды. Ал сарапшылар қауіп-қатерге ұшырамаудың амалдары бар екенін тілшілерге айтты.
Тағы