Бүгін Қазақстанның адам құқығы саласында халықаралық ұйымдар алдында алған міндеттемелерін орындау мәселесіне арналған конференция болды. Астанада өткен жиында елдің 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалуы талқыланды.
Әзербайжанда мамырдың 26-сы күні өтетін Еurovision ән байқауы қарсаңында қонақ үйлерге жасырын видео камералар қойылғаны туралы сөз шықты. Оны адамдардың интимді сәттерін түсіріп алып, бопсалау үшін орнатқан деген шағымдар айтылған соң, Лондондағы құқын қорғау тобы Бакудегі 7 қонақүйдің басшылығынан жағдайды анықтауға тырысты. Ал Әзербайжан белсенділері "Алиев режимі билік оппоненттерін қудалап отыр" дейді.
Вашингтондағы Newseum жаңалықтар мен журналистика музейінде 2011 жылы кәсіби міндетіне байланысты мерт болған 70 шақты журналисті еске алу шарасы өтті. Марқұмдардың есімдері жазылған тақтада Азаттық радиосының тілшісі, әзербайжандық Рафиқ Тагидің де аты-жөні бар.
Жуырда қарулы қастандықтың құрбаны болған журналист Лұқпан Ахмедьяров бір-екі күнде ауруханадан үйге шығамын деп үміттеніп отыр. Ол кез-келген журналиске жасалған қастандықты теракт деп санайды және биліктің мұндай қылмыстарды ашуға еш құлқы жоқ екенін айтады.
Freedom House («Фридом Хауз») ұйымының 2012 жылғы баспасөз еркіндігін бағалаған жылдық есебінде Қазақстан бір сатыға төмендеп, ақпарат құралдары «еркін емес» елдер қатарында аталды. Қазақстан бұл тізімде постсоветтік Беларусь, Өзбекстан және Түркіменстанның алдында тұр.
АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшісі болған Уильям Кортни «Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықты халықаралық деңгейде тексеруге шақырды.
Бүгін Орал қалалық №2 сотында «Уральская неделя» басылымының тілшісі Лұқпан Ахмедьяров пен осы газеттің құрылтайшысының үстінен түскен шағым бойынша алдын-ала сот отырысы өтті. Шағым иесі – Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілекқабыл Имашев.
«Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа сәуірдің 19-ы түнде үйінің қасында қарулы қастандық жасалды. Оны жедел жәрдем Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға алып келген. Аурухана кезекшісі түс әлетінде «журналист есін жиды, бірақ жағдайы ауыр» деп хабарлады.
Қырғызстанның жоғарғы соты журналист Әлішер Саиповтың өліміне қатысты істі қайта ашуға және жаңа тергеу бастауға бұйрық берді.
Азаттық радиосы Әзербайжан қызметінің тілшісі Хадиджа Исмаилова өзіне қарсы билік тарапынан жасалған әрекеттің балама тексеруі нәтижесімен таныстырды. Баспасөз мәслихатын өткізген ол пәтеріне арнайы қызметтің бақылау құралдарын орнатқанын айтты.
Тағы