Әзербайжанда мамырдың 26-сы күні өтетін Еurovision ән байқауы қарсаңында қонақ үйлерге жасырын видео камералар қойылғаны туралы сөз шықты. Оны адамдардың интимді сәттерін түсіріп алып, бопсалау үшін орнатқан деген шағымдар айтылған соң, Лондондағы құқын қорғау тобы Бакудегі 7 қонақүйдің басшылығынан жағдайды анықтауға тырысты. Ал Әзербайжан белсенділері "Алиев режимі билік оппоненттерін қудалап отыр" дейді.