Журналист Данияр Молдабеков Азаттыққа сұхбатында 2022 жылғы Қанды қаңтар туралы жазған кітабы баспадан неліктен шығарылмағанын айтты. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде билік халықты жеңді деп есептейді.
Бурят журналисі Евгения Балтатарова 2022 жылдың наурызында Ресейден қысым көріп, Қазақстанға кеткен. Кейін Ресей билігі оған "елдің армиясы туралы жалған ақпарат таратты" деген айып тағып, халықаралық іздеу жариялады. Биыл ол босқын мәртебесін беруден бас тартқан Қазақстаннан да кетуге мәжбүр болды.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Азаттық радиосының 36 қызметкеріне аккредитация беруден бас тартты. Арасында 2022 жылдан бері аккредитациясын күтіп жүргендер бар. Мұны Азаттыққа жасалған қысым деп бағалаған жұрт желіде түрлі пікір айтып, үндеу жасап жатыр.
2023 жылы маусымда Ташкентте қарақалпақ белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмағаннан кейін Қарақалпақстандағы жастарға қысым күшейген. Азаттыққа хабарласқан қарақалпақ жастары әлеуметтік желіде Тәжімұратовты қолдағаны үшін қысым көргенін айтады.
Атыраулық журналист әрі блогер Олеся Вертинская – "Қаңтарда құқық қорғау органдарынан азап көрдім" деп арызданғандардың бірі. Ол екі жыл бойы істі әділ тергеуді талап етіп келеді. Іс бойынша тергеу үш рет тоқтатылған.
Азаматтық ұстанымы үшін өз елінде түрлі қысым көрген қарақалпақ белсендісі Сағындық Нұрымбетов бассауғалап Қазақстанға кетуге мәжбүр болған. 2023 жылғы сәуірде Қарақалпақстанның Кегейлі ауданынан қашып шыққан ол қазір Ақтөбе қаласында тұрып жатыр. Өзбекстанға барсам қауіп төніп тұр деген белсенді Қазақстаннан саяси босқын мәртебесін сұрағанымен, әлі ала алмай жүр.
Еуропарламент Орталық Азия жөніндегі резолюцияны басым дауыспен қабылдады. Қарарда аймақ елдерін адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді орындауға және Еуропа Одағымен тығыз ынтымақтастықта болуға үндеген.
Елдегі елеулі оқиғадан хабар таратып, күрделі мәселеде қоғам көзін ашуға жұмыс істейтін журналистердің өзі жапа шексе, бұл – елдің дамуына қалай әсер етпек? 2023 жылы тілшілер жасалған шабуылдарды шолып, сарапшылардың биылғы жылға болжамын ұсынамыз.
2023 жыл қазақстандықтардың жадында әйелге жасалған зорлық-зомбылықтармен қалғандай. Әлеуметтік желі іркес-тіркес жасалған қылмыстарға "қанды толқын" деген айдар тақты, ал құқыққорғаушылар бұл "толқынның" басы да, аяғы да емес деп отыр. Қоғам әйелді қорғайтын тетіктерді жасауға қауқарсыз болғаны ма?
Тағы