28 қарашада Астанада жабық өтіп жатқан сот процесінде азаматтық белсенді Марат Жыланбаев соңғы сөзін айтты. Бұл туралы оның адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады. Оппозициялық белсендінің жақтастарын да, журналистерді де сотқа кіргізбеді.
Зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға жәрдемдесетін "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Смайылова қылмыстық қудалауға тап болды. Ұйымның шоттары бұғатталған. Смайылованың адвокатына іс материалдарын көрсетпей отыр. Қорға қайырымдылық қаражатын аударған адамдарды полицияға шақыртып жатыр.
Нұржан Әлтаев пен Марат Жыланбаев – бір-біріне ұқсамайтын оппозициялық қайраткерлер. Бірі – бұрынғы шенеунік, екіншісі – жүйеден тыс адам. Алайда Қазақстан билігі өзіне қарсы шыққандарға бір ғана амал қолдануды әдет етіп алғандай.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелінің қазасы жөнінде күдікке ілініп, Қазақстан қоғамын дүр сілкінді. Бұл жағдай әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға түрткі бола ма?
Бас прокурор Берік Асылов "Тілеужанов пен Нұрпейісовке" сот шешімі шықпай тұрып ауыр айып тағып, меңзелген адам сотқа шағымданғанда, "біз айтқан Тілеужанов басқа адам" деп шықты. Азаттық істің мән-жайына үңіліп, прокуратура уәжінің әлсіз тұстарын анықтады.
Қазақстанның 18-25 жас аралығындағы кемі жеті азаматы Ресей абақтысында отыр. Көбі Красноярск қаласына жұмыс істеуге барып, көп өтпей шетінен ұсталған. Бәріне полиция "есірткі тасыды" деп айып таққан. Қазір олар үкім шыққанын күтіп отыр.
Қазақстанда билік белсенділерді әкімшілік жауапқа тартуды жиілетті. Алматы мен Астанада кемінде 7 белсенді "митинг заңын бұзғаны" үшін қамауға алынды. Тағы бірнешеуінің ісін сот жақын арада қарамақ. Құқық қорғаушылар мұны оппозиция 25 қазанға белгілеген қарсылық акциясымен байланыстырады. Билік ол күні митинг өткізуге "жол бермейтінін" ескерткен.
Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда оққа ұшқан Асхат Бегешовтың үстінен қозғалған қылмыстық іспен марқұмның жесірі 1 жыл 9 айдан кейін ғана танысты. Ардақ Темірбаева өзі байқаған олқылықтарды көрсетіп, марқұмды ақтауды талап етіп прокуратураға арызданған. Прокуратура "шағымды зерделеп" жатқанын айтады.
Алматыда тұратын Қырғызстан азаматы тергеу кезінде жалған куәлік етуге көнбеген соң куәгерден күдіктіге айналып, қазір сотқа тартылып жатыр дейді қорғаушылары. Туыстары оған қамауда қысым жасалғанын айтады. Адвокаттың сөзінше, азаптау бабымен іс қозғауға көп уақыт кеткен, тергеу баяу жүріп жатыр.
Қазақстаннан босқын мәртебесін сұраған шетелдік азаматтар үкімет шенеуніктері өтініш иесінен өз елінде қудаланып, қысым көргенін құжат жүзінде дәлелдеуді қисынсыз талап етеді деп наразы. Ресми орындар заң солай жазылғанын алға тартады. Құқық қорғаушы болса мемлекет босқын мәртебесін беруді гуманистік шара емес, саяси қадам деп қарастыратынын айтады.
Қазақстандық белсенді мен құқық қорғаушы халықаралық жиында елде азаматтар "негізсіз қудаланып, азапталатыны" туралы баяндама жасады. Құқық қорғаушы судьялардың Ақордаға "тәуелді" екенін айтты. Жиынға қатысқан Қазақстан билігінің өкілі жеке оқиғаларға емес, жүйелі мәселелерге назар аударуға шақырды.
Тағы