Қазақстан үкіметі интернетті шектеп, сайттарды бұғаттап, контентті алып тастауды талап етеді. Ал журналистер түрлі шабуылға ұшырайды деп жазған Freedom House халықаралық ұйымы 4 қазанда жариялаған Freedom of Net баяндамасында.
Turkmen.news сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы Руслан Мятиев әлемдегі ең жабық мемлекеттердің бірінде ақпаратты қайдан алатынын, кімдер беріп отыратынын және түркіменше жемқорлық қай жағынан пайдалы екенін айтып берді.
Қаржы министрлігі шетелден, халықаралық ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан қаржы алатын жеке және заңды тұлғалардың тізімін жариялады. Онда түрлі салада жұмыс істейтін 240 ұйым мен жеке тұлға: БАҚ, құқық қорғау ұйымдары, қоғамдық қорлар, журналистер бар. Бұл нені білдіреді?
Қазақстандықтардың дербес паспортының немесе тұрғылықты мекенжайының деректері желіге тарап кетуі қазір ешкімді таңғалдырмайтын болған. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар дербес деректерді жариялау әрекеті жазасыз қалып отыр, себебі заң бәріне бірдей қолданыла бермейді дейді. Ауқымды деректерге ие мемлекет бұл заңды қолайсыз адамдарға қысым көрсету үшін пайдаланады да, өз құрылымдары заң бұзса, көз жұма қарайды.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Шыңжаңға барып, "исламды қытайландыру" жайлы айтқаннан кейін HRW құқық қорғау ұйымы Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге мұсылмандардың құқығын бұзуды әлі жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Азаттық Дүниежүзі ұйғырлар конгресінің президенті Долкун Исамен әңгімелесті.
Қазақстанда жұмыс берушіге жақпайтын мәселе қозғаған жұмысшылар жиі қудалауға ұшырап, жұмыстан шығарылады. ХКК Қазақстанды жұмысшылары сот әділдігіне қол жеткізе алмайтын немесе құқығы шектелген елдердің қатарына жатқызады. Ақмола облысындағы белсенді жұмысшы басынан өткен жайтты Азаттыққа баяндады.
Қазақстанда сотталған адамдардың құқығын қорғаумен айналысып жүрген Елена Семенова Атбасар қаласындағы түзеу мекемесінде болды. Жақында бұл түрменің қызметкерлері қамаудағы адамдарды қатыгездікпен ұрып-соғып жатқаны көрсетілген видеолар тараған. Азапталғандардың бірі – қазақстандық құқық қорғаушылары саяси тұтқын деп таныған Тимур Дәнебаев. Тұтқынмен кездесіп, сөйлескен Семеновадан белсендігінің жағдайы қандай екенін сұрадық.
Қазақстанда сот кескен жаза мерзімін қамауда өтеп жатқан азаматтық белсенді Тимур Дәнебаевты түрме қызметкерлері ұрып жатқан сәт түсірілген видео интернетте тарады. Билік "қызмет өкілетін асыра пайдалану" фактісі бойынша тексеру бастағанын мәлімдеді. Бірақ тұтқынның хал-жағдайы қалай екенін айтпады.
Алматыда жабық сот процесінде ҰҚК-нің 11 қызметкерінің ісі қаралып жатыр. Оларға азаптау бабымен айып тағылған. Жәбірленушілер Қаңтар қырғыны кезінде өздерін Дикий Арманның адамдары көшеден ұстап әкетіп, ұрып-соғып, кейін күш құрылымдары өкілдерінің қолына тапсырған дейді.
Бірнеше жыл бұрын Шыңжаңдағы қысымнан қорқып, шекарадан заңсыз кесіп Қазақстанға қашып келген Қайша Ақан, Қастер Мұсахан, Мұрагер Әлімұлы үш жылдан бері босқын куәлігімен ғана жүр. Астана оларға азаматтық та, басқа елге шығатын құжатты да бермей отыр.
Орталық Азия бойынша конференцияда құқық қорғаушылар мен ғалымдар өңірде қордаланған мәселелер туралы айтты. Шараның жүргізушісі бес мемлекет халқын "ішкі авторитаризм мен геосаяси қысым тұтқыны" деп атады.
Тағы