Раффаэлло Пантуччи мен Александрос Петерсеннің "Синостан" кітабы жарық көрді. Онда авторлар Қытайдың Орталық Азияға ықпалын зерттеген.
Қытайдың Шыңжаң аймағында қазақ жастары арасынан шыққан әнші, сазгер Ғарапа Насиоллаұлын полиция алып кеткелі сегіз ай болды. Туыстары оның қазір нақты қай жерде екенін және қандай айыппен ұсталғанын білмейді.
Ресейдің Украинаға басқыншылығынан бейбіт тұрғындардың өлімі көбейген тұста Батыс шенеуніктері Пекинді Мәскеудің дипломатиялық шешім қабылдауына ықпал етуге шақырды. Мұның әсері бола ма?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай "жаңа Қазақстан" құруға көмектеседі дегенде нені меңзеді? Қаңтар оқиғасынан кейін Қытай Орталық Азиядағы рөлін қайта қарап, өңірдегі ықпалын күшейтуге тырыса ма? Азаттық Мәскеудегі Карнеги орталығының ғылыми қызметкері Темір Омаровтан сұрап көрді.
Қытай президенті Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсті. Қос мемлекет арасындағы құбылмалы қарым-қатынастың астарында не жатыр?
Bloomberg басылымы Пекиндегі ақпарат көзіне сүйеніп, Қытай президенті "Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путиннен ақпанда өтетін қысқы олимпиада ойындары кезінде Украинаға шабуыл жасамауды сұраған" деп жазды. Сибирь.Реалии сарапшылардан бұл ақпарат рас болуы мүмкін бе деп сұрады.
Сарапшылар 2022 жылы Қытай тарихындағы негізгі кезеңдердің бірі басталады дейді. Си Цзиньпин президент өкілетінің шекті мерзімін жойып, бір адамның билігін орнатуға ұмтылатынын болжап жатқандар бар. Азаттық алдағы жылы Қытайдың Еуразияға ықпалын арттыруға әсер ететін жағдайларға шолу жасап көрді.
Коронавирус пандемиясы кезінде Пекин қатаң шектеу енгізіп, Қытайдан жүк таситын қырғызстандықтар табыстан қағылды. Енді олар Бішкек ұсынған жаңа ереже жағдайды одан сайын қиындатады деп алаңдайды.
Тайвань сыртқы істер министрі Джозеф У Азаттыққа берген сұхбатында Пекинмен тым жақын араласудың салдары, Қытаймен соғыс қаупі және Еуропаға сапары жайлы әңгімеледі.
Тағы