Оппозиялық журналист Жамал Хашоггидің өліміне байланысты батыс елдерінің өткір сынына ұшыраған Сауд Арабиясы ханзадасының жаңадан жақтастарын табуға тырысып жатқаны айтылады.
Қытай Шыңжаңға көбірек шетел дипломаттарын шақырып, даулы лагерьлер бойынша мұсылман елдері мен БҰҰ-ның өткір сынына ұшырамау жолын іздеп жатыр деп жазды Reuters агенттігі. Қытайды "алаңдатып отырған" жиындардың бірі келесі аптада Женевада өтеді.
АҚШ-та бір топ республикашыл және демократиялық партия өкілі Қытайда түрмеде отырған ұйғыр ғалымы Ильхам Тохтидің кандидатурасын бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды.
Өздерін "Қазақстан азаматымыз" деп таныстырған этникалық қазақ отбасы бес жылдан бері Қытайдан Қазақстанға қайта алмай жүргендерін айтып, видео үндеу жолдады. Ресми Астана олардың қос азаматтығы болғанын айтады.
Қытайдың Шыңжаң өлкесі Санжы облысы Шонжы ауданындағы саяси тәрбиелеу орталығында бір жарым жыл полиция болып жұмыс істеген 39 жастағы Баймұрат Жұмғайұлы сол жердегі көрген-білгендері туралы әңгімелеп берді.
Қытай бірнеше елдің дипломаттарын Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу орталықтарына" апарып көрсеткен. Олардың арасында Қазақстан мен Қырғызстан дипломаттары да бар.
Қытайдағы "саяси үйрену орталығында" сегіз ай болған этникалық қазақ онда көргені туралы Азаттыққа айтып берді.
Бүкілтатарлық қоғамдық орталық (БТҚО) "Қытайдағы мұсылмандар геноциді туралы" мәлімдеме таратты.
Батыс баспасөзі Шыңжаң "лагерьлеріндегі" тұтқындарды мәжбүрлеп жұмысқа салатыны, олар өндірген тауарлардың АҚШ-қа тасымалдануы мүмкін екені туралы жазған.
Қытайдың Тарбағатай аймағынан Қазақстанға қоныс аударған Тілеуберді Ахметұлы мен Ақжол Рахманұлы Шыңжаңда қысым көрген жақындарының өміріне алаңдайды.
Сәрсенбі күні Қытайдың мемлекеттік кеңесі елдегі адам құқығының дамуына қатысты ресми есеп жариялады. БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Шыңжаңға бару жолын іздеп жатыр.
Қытайда этникалық қазақпен тұрмыс құрған ұлты қырғыз Асемгүл Алтынбекқызы мен оның отбасы із-түзсіз жоғалған.
Тағы